Жеке сот орындаушысы өзінің тағылымдамашыларының болуына құқылы.
Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған; заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам жеке сот орындаушысының тағылымдамашысы бола алмайды.
Жоғары заңгерлік білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары сот орындаушысының тағылымдамашылары бола алады. Тағылымдамашылар кемінде үш жыл сот орындаушысының жұмыс өтілі бар жеке сот орындаушыларында тағылымдамадан өтеді.
Жеке сот орындаушылары тағылымдамашыларының тағылымдамадан өту тәртібі, мерзімдері мен шарттары Республикалық палатамен келiсу бойынша уәкілетті орган бекітетін жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту тәртібі туралы қағидаларда айқындалады.
Жеке сот орындаушысының тағылымдамашысы құқықтары және міндеттері еңбек шартында айқындалады.