Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер, адвокат жанында тағылымдамадан сәтті өткен тұлға облыстардың Әділет департаменттеріне «E-license» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті жолдайды.
Аттестаттау тестілеу операторының техникалық жабдықталған залдарында екі кезеңде өткізіледі.
1-кезең – Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге кешенді компьютерлік тестілеу.
2-кезең – практикалық дағдылардың жеткілікті деңгейін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу (әрқайсысында 12 сұрақтан тұратын 3 ситуациялық тапсырма).
Тестілеуге 2 сағат беріледі: оның ішінде компьютерлік тестілеуге – 90 минут, практикалық дағдыларды тексеруге – 30 минут.
Екі кезеңнен де оң нәтиже алған үміткер аттестаттаудан өтті деп есептеледі.
Аттестаттау нәтижелері белгіленген шектен төмен болған кандидаттар тестілеуден өткен күннен бастап кемінде отыз күнтізбелік күн өткен соң ғана қайта аттестаттауға жіберіледі.