Өнеркәсіптік үлгі тауар белгісінен өнеркәсіптік үлгі одан ажырамайтын бұйымның бөлігі болып табылатындығымен ерекшеленеді, ал тауар белгісі бұйымға қойылады және оның бөлігі болып табылмайды. Тауар белгісі тауарларды, жұмыстарды және оған көрсетілетін қызметтерді дараландыру құралы болып табылады.
Көлемді тауар белгісі мен өнеркәсіптік үлгінің арасындағы түбегейлі айырмашылық-көлемді тауар белгісінің айырым қабілетіне ие болуы керек. Бұл тауарлық белгілерге қойылатын негізгі талап. Мұндай талап өнеркәсіптік үлгіге қойылмайды.