Апостиль - құжатқа қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы қағаз немесе электрондық нысандағы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба.
Апостиль құжатты өзге куәландыруды немесе жария етуді талап етпейді және Конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттердің ресми органдары деп танылады
1961 жылғы Гаага Конвенциясына сәйкес апостиль жағы кемінде 9 см болатын шаршы түрінде болады және Конвенцияға қоса берілген үлгіге сәйкес келуі керек.
Қағаз нысанда апостиль қою Конвенцияның қатысушысы ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан (мекемелерінен), лауазымды адамдарынан немесе нотариустарынан ғана шығатын ресми құжаттардың түпнұсқаларында жүзеге асырылады.
Апостиль құжаттың мәтіннен бос орнында не оның арғы бетінде қойылады және уәкілетті мемлекеттік органның елтаңбалық мөрімен бекітіледі. Көлемі бір парақтан асатын құжатта парақтар тігілуі, баумен байлануы және мөрмен бекітілуі тиіс.
Апостиль, оны ұсынылған құжатқа қою мүмкін емес болған жағдайда қағаздың бөлек парағында қойылады.