Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы ҚР Заңының 8-бабына сәйкес, атқарушылық іс жүргізу және оны жүргізумен байланысты іс-қағаздарын жүргізу тілі сот шешімінің немесе орындауға жататын өзге де құжаттың тілі ескеріле отырып белгіленеді.
Орындауға түскен атқарушылық құжат мемлекеттік тілде болса, атқарушылық іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі. Ал, орындауға түскен атқарушылық құжат ресми тілде болса, атқарушылық іс жүргізу де ресми тілінде жүргізіледі.