Е-Апостиль сервистік бағдарламалық өнімі (бұдан әрі – Е-Апостиль СБӨ) шеңберінде электрондық апостиль алуға өтініштер қабылдау, электрондық өтініштерді өңдеу және электрондық апостиль қалыптастыру жүзеге асырылады, бұл өтініш берушілерге Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде онлайн режимінде өтініш беруге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болуы қажет.
Азаматтардың электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық өтінішті және электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруі «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.
Бұдан әрі сканерленген құжаттармен қоса берілген электрондық өтініш (PDF файлында) Е-Апостиль СБӨ жүйесінде тіркеледі. Келіп түскен құжаттарды қабылдауды, өңдеуді, тексеруді және дайын құжаттарды беруді уәкілетті органның қызметкері онлайн режимінде жүзеге асырады.
Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы Е-Апостиль ақпараттық жүйесі арқылы апостильдеуге жататын электрондық құжатта электрондық апостиль қалыптастырады және уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ЭҮП өтініш берушінің «жеке кабинетіне» жібереді.
Электрондық апостильдің нәтижесі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылған ресми құжаттың сканерленген көшірмесімен бірге апостиль бар PDF файлы түріндегі электрондық форматта қалыптастырылады.
Электрондық апостиль ЭҮП арқылы уәкілетті мемлекеттік орган өтініш берген кезде берген қорғау кодын (қауіпсіздік коды және өтінім коды) қолдана отырып, апостильді жүктеу арқылы беріледі.
Электрондық апостиль мөртабанының астында электрондық беттің мекенжайына сілтеме көрсетіледі https://egov.kz/cms/ru/services/apostil/apostil.
Шет мемлекеттің уәкілетті органы көрсетілген электрондық мекенжайда екі қорғау кодын (қауіпсіздік коды және өтінім) енгізу арқылы электрондық апостиль мөртабаны бар ресми құжатты тексеруді жүзеге асырады.
Осыған байланысты апостиль қоюдың осы автоматтандырылған рәсімі азаматтарға мемлекеттік қызметті онлайн режимінде алуға мүмкіндік береді.