1. Заңнамада көзделген жағдайларда заңды тұлғаны, оның филиалдары мен өкілдіктерін қайта тіркеусіз қызметті жүзеге асыру –
лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Заңды тұлғаның орналасқан жерінің өзгергені туралы тіркеуші органға уақтылы хабарламау –
лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкеп соғады.