Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметкердің жарқын үлгісі

Мемлекеттік қызметкердің жарқын үлгісі

 

2023 жылдың 23 маусымы мемлекеттік қызметші күні аталып өтіледі. Мемлекеттік қызметкердің жарқын үлгісі ретінде Қанат Аманжоловна Таласбаеваны айтуға болады. Қанат Аманжоловнаның мемлекеттік қызметтегі өтілі 21 жылдан артық, бір ведомствода ғана жұмыс атқарды десе де болады. Еңбек шарты бойынша СҚО Әділет басқармасының маманы қызметінен бастап, бүгінгі таңда СҚО Әділет департаменті нормативтік құықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді.

Қанат Аманжоловна Таласбаева 1980ж. 07 қаңтарында Ақмола облысының Көкшетау қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Қызылту №2 орта мектебін аяқтап, Петропавл экономикалық колледжіне құқықтану мамандығына оқуға түседі.

Өз еңбек жолын еңбек 2000 жылдың 18 тамызынан еңбек шарты бойынша СҚО Әділет басқармасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бөлімінің маманы болып бастаған. Жоғарғы білімді алу үшін, оған оқу мен жұмысты қатар алып жүруге тура келді. Ол 2000 жылы колледжі бітіре салысымен, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ заңтану мамаңдығына оқуға түсіп, 2004 жылы оны тәмәмдайды.

Қанат Аманжоловна әр түрлі салаларда қызмет еткен. 2001 жылдың қаңтарында Петропавл қ. АХАЖ бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген. Ал сол жылдың желтоқсан айында СҚО Әділет басқармасының заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің жетекші маманы болып қызмет атқарған.  2006ж. наурызында СҚО Әділет басқармасы діни бірлестіктермен байланыс бөлімінің бас маманы болды. Ал 2010 жылдың ақпанында СҚО Әділет департаменті нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы лауазымына ауыстырылады. Қанат Аманжоловна 13 жылдан астам еңбек жолын нормативтік құқықтық актілерді тіркеу саласына арнаған.

СҚО Әділет департаментінің басшылығы және қызметкерлері оның жоғарғы кәсібилігі туралы және оның адамдар мен әріптестерін өзіне тарта алатыны туралы айтады. Қазіргі таңда ол қызметтегі әріптестеріне қол ұшын беріп, жұмыстағы кездесетін қиындықтардың шешу жолдарын көрсетеді.

Әділет органдарында ұзақ жұмыс істеген уақытында Құрмет грамтоларымен, алғыс хаттарымен, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен де марапатталды. Соның ішінде «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен және III дәрежелі «Заңгер» төс белгісімен марапатталған болатын.

Қанат Аманжоловна атап өткендей: «Менің еңбек жолым СҚО Әділет департаментімен басйланысты екенін және өмірімді мемлекеттік қызметке арнағанымды мақтан етемін».

СҚО Әділет Департаментінің ұжымы Қанат Аманжоловна Таласбаева көптеген жылдар бойы өзінің міндеттерін мінсіз орындауда жас қызметкерлерге үлгі екенін айта кетіп, ризашылығын білдіреді. 

 

    Солтүстік Қазақстан облысы Әділет Департаментінің ұжымы

Дата публикации
22 июня 2023
Дата обновления
22 июня 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

29 сентября 2026
29 сентября 2026
30 сентября день органов работника органов юстиции
Газет
29 сентября 2026
Білім мен білік ұштасқанда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы