Меню

Страницы

Статья

Біздің әріптесіміз

Біздің  әріптесіміз

 

Қазіргі заманда қызметтің барлық салаларының қыры мен сыры көп. Қай қызмет болса да үлкен жауапкершілікті талап етеді. Осы қызметтердің бірі- мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметтің үлкен бір жауапкершілігінің бірі – халықпен тіл табысу.  2014 жылдан бері  23 маусым мемлекеттік қызметші күні ретінде аталып келеді.

Мемлекеттік қызметтерінің бір саласы- Әділет органының қызметі, оның құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы және де өзге де нормативтік құқықтық актілер құрайды. 

Осы мемлекеттік қызметші күні мерекесінің қарсаңында біз өзіміздің әріптесіміз Ақсұлу Болатқызы Әлімжанова туралы жазайық деп едік.

Ақсұлу Болатқызы Әлімжанова 1977 жылы Сергеев ауданының Жалтыр ауылында туған. 2004 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітіріп тарих және география мамандығын меңгерген, ал 2012 жылы «Көкше академиясы» жоғарғы оқу орнында заңтану мамандығын алған. Өзінің еңбек жолында Ақсұлу білім, ауыл шаруашылық, мәдениет салаларында қызмет атқарып, 2011  жылдан бастап Әділет органдарында жұмыс істеп келеді.

Мемлекеттік қызметшіде кәсібіи білім, адалдық, белсенді өмірлік ұстаным болып қана емес, соларды өмірлік тәжірибеде және қызметінде қолдана білу керек. Міне осы қасиеттердің бәрін Ақсұлу Болатқызы халыққа шынайы қызмет етуде ұстанады.

Ақсұлу қарапайымдық пен әділдіктің үлгісі, оның мемлекеттік қызметте еңбек өтілі 16 жылдан астам, соның ішінде бірнеше жыл Департаменттің бөлім басшысы, Ғабит Мүсірепов атындағы Әділет басқармасының басшысы ретінде қызмет атқарды. Аудандық басқармалары қызметтерінің Департаментке ауыстыруына  сәйкес, қазіргі уақытта зияткерлік меншік құқығы бойынша бөлімінде бас маман болып қызмет атқарып жүр.

Ақсұлу Болатқызы жұмысында адалдық пен әділдік, жұмысқа деген жауапкершілік, азаматтардың сенімін туғызуды мемлекеттік қызметшінің міндеті деп санайды. Мемлекеттік қызмет саласында істеп жүрген жылдары ішінде бірнеше мақтау грамоталарымен, алғыс хаттармен және «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталған.

Сонымен қатар,  Ақсұлу Әділет органдарының қоғамдық өміріне де белсенді қатысады,  «Тоғыз құмалақ» қазақтың ұлттық ойынын жете меңгерген.

Әр отбасы –шағын мемлекет демекші, отбасында бала тәрбиелеу ең күрделі жұмыс. Ақсұлу бір ұл, бір қыз туып, тәрбилеп отырған ардақты ана.

Алдымызда келе жатқан «Мемлекет қызметшісі» күні мерекесі қарсаңында Департамент ұжымы Ақсұлу Болатқызы Әлімжанованы мерекесімен құттықтап, өзіне және туған-туыстарына денсаулық,отбасына береке-бірлік тілейді және   игілікті еңбегінде жетістіктерге жетуіне тілектеспіз.

Солтүстік Қазақстан облысының

    Әділет департаментінің ұжымы

Дата публикации
22 июня 2023
Дата обновления
22 июня 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

29 сентября 2026
29 сентября 2026
30 сентября день органов работника органов юстиции
Газет
29 сентября 2026
Білім мен білік ұштасқанда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы