Меню

Страницы

Статья

"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет

"Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары көрсетеді.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Құжаттар қабылдайтын біткен күннен бастап 10 жұмыс күн.

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны/Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі

Электронды (толық автоматтандырылған) / "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлем

Алынбайды.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші - демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

өтінімдерді қабылдау - 9.00-ден 17.30-ға дейін.

 2) портал - техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметті алуға өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі

 Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өтуге жіберу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығымен бекітілген "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда;

 2) "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәурдегі Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағында белгіленген шектеулер анықталғанда.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсы - www.adilet.gov.kz орналастырылған.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталда "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Бірыңғай байланыс орталығының телефондары 1414, 8 800 080 7777 арқылы алу мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің анықтама байланыс телефоны 8 (715) 2-33-32-02.

Көрсетілетін қызметті алушы "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" және "Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру" екі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініш жолдайды.

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

29 сентября 2026
29 сентября 2026
30 сентября день органов работника органов юстиции
Газет
29 сентября 2026
Білім мен білік ұштасқанда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы