Мәмілелер негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган "жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі №310 Заңының негізінде жүзеге асырады.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "2020 жылғы 29 маусымдағы № 352-VI ҚРЗ Заңына сәйкес Заңның 20-бабының 2-тармағына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) нотариат куәландырған мәміле , мұраға құқық туралы куәлік, меншік құқығы туралы куәлік негізінде электрондық тіркеу қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Қазақстанда 01.07.2021 жылдан бастап жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді жасауда эксаумақтылық қағидаты енгізілді.

Сонымен қатар, егер бұрын жылжымайтын мүлікпен жасалған мәмілелер нотариуста оның орналасқан жері бойынша куәландырылған болса, енді мәміле тараптары орналасқан жеріне және жылжымайтын мүліктің орналасқан жеріне қарамастан кез-келген нотариусқа жүгіне алады.
Эксаумақтылықтың осы қағидаты "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 15 ақпандағы № 5-VII Заңына сәйкес енгізілді.
Осылайша, 54-бапта бұрын тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару және кепілге қою туралы шартты куәландыруды көздейтін 2-тармақ алынып тасталды.
Тіркеуге жататын мүлікті иеліктен шығару және кепілге салу туралы шарттар иеліктен шығарылатын немесе кепілге салынатын мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда куәландырылуы мүмкін.