Портал арқылы жүгінген кезде қоса беріледі:

Ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық өтініш;

сканерленген көшірме түрінде апостиль қоюға жататын құжат электрондық сұрау салуға тіркеледі.
Көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректері өзгерген жағдайда қосымша растайтын құжаттар (шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға берген немесе куәландырған, оның құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалық мөрімен бекітілген, арнайы куәландыру (жария ету не апостиль қою) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады) қоса беріледі.

Сонымен қатар, электрондық қызмет Гаага Конвенциясына қатысушы елдер үшін қолжетімді. Егер ел Гаага Конвенциясына қатысушы болып табылмаса, құжаттарды заңдастыру үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің консулдық қызмет департаментіне жүгіну қажет.