Меню

Страницы

Статья

Адвокатты тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі


Адвокат өзінің іс-әрекетімен (әрекетсіздігімен) Адвокаттық қызмет және адвокатура туралы заңнаманы, адвокаттың кәсіби әдеп кодексін бұзды деп есептейтін адам тиісті шағыммен адвокаттар алқасының төралқасына, сондай-ақ аумақтық әділет органдарына жүгінуге құқылы. Бұл ретте адвокаттардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) анонимді өтініштер қаралмайды.
"Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабына сәйкес адвокатты тәртіптік жауаптылыққа тартуды адвокаттардың тәртіптік комиссиясы жүзеге асырады.
Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы) сайлайтын және оған есеп беретін адвокаттар алқасының тәуелсіз органы болып табылады. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясының шешімдері міндетті болып табылады.
Тәртіптік іс қозғаудың себептері:
1) адвокат өкілі (қорғаушысы) болатын сот талқылауы бойынша заңды күшіне енген сот актісі;
2) әділет органының ұсынуы;
3) алқа төралқасының шешімі негізінде шығарылған алқа Төралқасы төрағасының ұсынысы.
Адвокаттың заң талаптарын, Қазақстан Республикасының Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасын, адвокаттардың кәсіптік әдеп кодексін, алқа жарғысын, Республикалық адвокаттар алқасы органдарының, адвокаттар алқаларының шешімдерін бұзғанын көрсететін жеткілікті деректердің болуы тәртіптік іс жүргізуді қозғау үшін негіз болып табылады.
Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы адвокатқа мынадай тәртіптік жаза шараларын қолдануға құқылы:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) адвокаттар алқасынан шығару.
Адвокаттың тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.
Тәртіптік жаза ол анықталған күннен бастап бір айдан аспайтын, бірақ ол жасалған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде қолданылуы мүмкін.
Тәртіптік комиссия тәртіптік істі қарау нәтижелері бойынша адвокаттар алқасының мүшесін анықталған бұзушылықтарды жоюға міндеттейтін және оларды жою мерзімдерін белгілейтін нұсқама шығаруы мүмкін.
Шешімдер адвокаттардың тәртіптік комиссиясы мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және олар қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Адвокаттардың тәртіптік комиссиясының отырысы, егер оған мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, заңды болып саналады.
Адвокаттар алқасы адвокаттардың тәртіптік комиссиясы адвокаттар алқасының мүшесіне қатысты тәртіптік жаза шараларын қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде шешімнің көшірмесін адвокаттар алқасының мүшесіне, сондай-ақ шешім қабылданған шағымды жіберген адамға оны алуды тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып жібереді.
Адвокаттардың тәртіптік комиссиясының шешімдері Республикалық адвокаттар алқасында немесе сотта даулануы мүмкін.
Заң көмегін көрсету шеңберінде сенімгер адвокатқа Төлеген сыйақыны толық немесе ішінара қайтару туралы талаптарға азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен сотқа талап арызбен жүгіну арқылы ғана рұқсат етілетініне назар аударамыз.

Дата публикации
31 октября 2022
Дата обновления
31 октября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

29 сентября 2026
29 сентября 2026
30 сентября день органов работника органов юстиции
Газет
29 сентября 2026
Білім мен білік ұштасқанда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы