Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға:
1) нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесінiң немесе меншiк иесi уәкiлеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттік берiлген органның шешiмi немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда сот шешiмi;
3) заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешімді қабылдаған орган бекіткен, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқық мирасқорлығы туралы ережелер көрсетіле отырып, бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде – тапсыру актісі, бөліну, бөлініп шығу кезінде – бөліну балансы және заңды тұлғаның уәкілетті органының тапсыру актісі мен бөліну балансын бекіту туралы шешімі;
4) заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғаны туралы кредиторлардың жазбаша хабардар етілгенін растайтын құжат;
5) коммерциялық емес ұйым болып табылатын қайта ұйымдастырылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Қосылу нысанындағы қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеген кезден бастап заңды тұлға қайта ұйымдастырылды деп есептеледі.
Қосылу кезінде өз қызметін тоқтатқан заңды тұлға Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шығарылуға жатады.