Патент – қорғау құжаты

Патент Өнеркәсіптік меншік объектісіне басымдықты, авторлықты және айрықша құқықты куәландырады.

Патенттің қолданылу мерзімі Өнеркәсіптік меншік объектісінің түріне байланысты. Өнертабысқа патент үшін бұл өтінім берілген күннен бастап 20 жыл, пайдалы модельге патент үшін бұл өтінім берілген күннен бастап 5  жылға ұзарту мүмкіндігі және өнеркәсіптік үлгіге патент үшін бұл өтінім берілген күннен бастап  15 жыл, ұзарту мерзімі 5 жылдан аспайды.

Өнертабысқа және пайдалы модельге қорғау құжатымен ұсынылатын құқықтық қорғау көлемі олардың формуласымен, ал өнеркәсіптік үлгіге патент — бұйымның (макеттің) суреттерінде ұсынылған және өнеркәсіптік үлгінің елеулі белгілерінің тізбесінде келтірілген оның елеулі белгілерінің жиынтығымен айқындалады. Өнертабыс формуласын, пайдалы модельді түсіндіру үшін сипаттама мен сызбаларды қолдануға болады.

Дата публикации
10 июня 2025