Қазақстан РеспубликасыӘділетминистрлігі, оныңведомстволары, аумақтық бөлімшелерініңмемлекеттікқызметшілеріарасында «Б» корпусыныңәкімшілікмемлекеттік бос лауазымдарынаорналасуға ішкі конкурс өткізутуралыхабарландыру

Қазақстан РеспубликасыӘділетминистрлігі, оныңведомстволары, аумақтық бөлімшелерініңмемлекеттікқызметшілеріарасында «Б» корпусыныңәкімшілікмемлекеттік бос лауазымдарынаорналасуға ішкі конкурс өткізутуралыхабарландыру

РММ  «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті», 150010,  Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы, Қазақстан Конституция көшесі 72,  анықтама үшін телефон 8(7152) 33-37-32, факс 8(7152)  33-23-80, электрондық мекенжай:d.kurmasheva@adilet.gov.kzбос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға әділет органдары қызметкерлерінің арасында ішкі конкурс жариялайды:

1.Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің «Қалалық ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» филиалының аумақтық бөлім басшысы – аға сот орындаушысы, «С-О-3» санаты, 1 бірлік.

Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық еңбек ақысы:

 
Санаты

Еңбек өтіліне байланысты лауазымдық еңбек ақы (теңге)

 Бастап

Дейін

С-O-3

275 194

358 948

 

Негізгі  функционалдық міндеттері:Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүліктік өтеп алуға қатысты қылмыстық істер бойынша сот қаулылар мен үкімдер, азаматтық және әкімшілік істер бойынша анықтамалар мен қаулылар, шешімдері негізінде берілетін атқару құжаттарының және басқа да органдардың қаулыларының міндетті және уақытылы орындалуын бақылау. Жауапты бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және бақылау және  мемлекеттік сот орындаушыларына жүктелген міндеттерді  орындауға дербес жауап береді. Жеке және заңды тұлғалардың сот орындаушылардың  іс-әрекеттеріне шағымдар мен өтініштерін қарастыруды жүзеге асыру және оларды қабылдау.Аумақтық бөлімнің қызметі туралы статистикалық есеп жасау және іс жүргізу мен  мұрағатты жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен қарастырылған  атқару  іс әрекеттерін жасау. Өз құзіреті шегінде басқа да тапсырмаларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі: «құқық» бейіні бойынша.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе облыстық деңгейдегі басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Азаматтық іс жүргізу кодексін, Қылмыстық кодексін, Қылмыстық іс жүргізу кодексін, Еңбек кодексін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасы  Президентінің Жолдауын білуі, «Әділет органдары туралы»Қазақстан Республикасының Заңын, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуі.Келесі құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

2.Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы, уақытша негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға демалысы мерзіміне 2021ж.07.02 дейін, «С-О-5» санаты, 1 бірлік.

Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық еңбек ақысы:

 
Санаты

Еңбек өтіліне байланысты лауазымдық еңбек ақы (теңге)

 Бастап

Дейін

С-O-5

151987

198244

 

Негізгі  функционалдық міндеттері:Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету мониторингін жүзеге асыру. Хаттамаларды жасау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, әкімшілік жазаларды қолдану. Көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімдерін бұзу фактілері туралы Әділет басқармасына уақытылы хабарлауын бақылауды жүзеге асыру. Семинар өткізу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша заңнаманы қолдану практикасын талдау және қорыту, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша тіркеуші органға профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге қатысады, әдіснамалық көмек көрсетеді. «Азаматтарға арналған Үкімет» МК КАҚ үшін методологиялық көмек көрсету. Бөлімде іс қағаздарын жүргізу. Есептерді дайындау. Өзге де қызметтік тапсырмаларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі: «құқық» бейіні бойынша.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Жер кодексін,  Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының кодексін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасы  Президентінің Жолдауын, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы»  Қазақстан Республикасының Заңын, «Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын,  «Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы»  Қазақстан Республикасының Заңын, «Мемлекеттік мүлік туралы»  Қазақстан Республикасының Заңын, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңынбілуі.Келесі құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған

мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды

ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттардықабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

                                   Өтініш

 

Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына

орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________.

       (иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

Мекен жайы: ______________________

Байланыс телефоны: ______________________

e-mail: ______________________

ЖСН: ________________________________

 ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

  Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

  Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізутуралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннанкейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейiн бір жұмыс күн ішіндеперсоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам тапсырылған құжаттарды кандидаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарап, конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.

Комиссияның хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттарғаконкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күн ішінде жәнеәңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу жәнеэссе, сондай-ақ қажет болған жағдайда кандидаттарды іріктеудің басқақұралдарын өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарландыру қатысушылардыңтелефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялытелефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар,  әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде 150010, СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 72 мекен-жайы бойынша  «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» РММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігінқамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегізжасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшінадам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Қазақстан РеспубликасыӘділетминистрлігі, оныңведомстволары, аумақтық бөлімшелерініңмемлекеттікқызметшілеріарасында «Б» корпусыныңәкімшілікмемлекеттік бос лауазымдарынаорналасуға ішкі конкурс өткізутуралыхабарландыру
Дата публикации
08 октября 2020