Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оныңведомстволары, аумақтықбөлімшелерініңмемлекеттікқызметшілеріарасында «Б» корпусыныңәкімшілікмемлекеттік бос лауазымдарынаорналасуға ішкі конкурс өткізутуралыхабарландыру
Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық еңбек ақысы:
Санаты |
Еңбек өтіліне байланысты лауазымдық еңбек ақы (теңге) |
|
|
Бастап |
Дейін |
|
|
С-О-4 |
176 305 |
229 963 |
1.«Қалалық ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысы, уақытша негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2022ж.03.04. дейін, С-О-4 санаты, 1 бірлік(ҚР Еңбек кодексінің 100-бабына сәйкес негізгі қызметкер үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақысын сақтамай еңбек демалысы аяқталғанға дейін жұмысқа баруға құқылы).
Негізгі функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүліктік өтеп алуға қатысты қылмыстық істер бойынша сот қаулылары мен үкімдері, азаматтық және әкімшілік істер бойынша анықтамалары мен қаулылары, шешімдері негізінде берілетін атқару құжаттарын және басқа да органдардың қаулыларын міндетті және уақытылы орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі: «құқық» бейіні бойынша.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Азаматтық іс жүргізу кодексін, Қылмыстық кодексін, Қылмыстық іс жүргізу кодексін, ҚР Еңбек кодексін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын білуі, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық. Осы санаттағы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған
мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды
ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына
орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________.
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Мекен жайы: ______________________
Байланыс телефоны: ______________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ________________________________
____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейiн бір жұмыс күн ішінде персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам тапсырылған құжаттарды кандидаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарап, конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.
Комиссияның хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттарғаконкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу, сондай-ақ қажет болған жағдайда кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде 150010, СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 72 мекен-жайы бойынша «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» РММ-де өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігінқамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегізжасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.