Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік қүқығы жөніндегі бөлім туралы ЕРЕЖЕ

БЕКІТІЛДІ

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаменті басшысы

2024 жылғы «15» ақпандағы         

№44-П бұйрығымен

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің

Зияткерлік меншік қүқығы жөніндегі бөлім туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер
  2. Зияткерлік меншік күқығы жөніндегі бөлім (бұдан әрі-Бөлім) Әділет
    департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  3. Бөлім өзінің іс-әрекетін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы «Әділет органдары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы «Әділет органдары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрықтары мен нұсқаулықтарына, өзге нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Бөлімнің штат санын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен
    бекітілген штат кестесі негізінде Әділет департаментінің басшысы бекітеді.
  5. Бөлім:

1) Бөлім басшысынан;

2) Бөлімнің бас маманынан тұрады.

  1. Бөлімнің басты тапсырмалары, қызметтері және міндеттері
  2. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ету бөлімнің тапсырмалары болып табылады.
  3. Қызметтері:

          зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

зияткерлік меншікті қорғау саласындағы заңнаманы қолданудың практикасын қорыту;

          Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау;

Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысында жеке және заңды тұлғалардың жүгінуі негізінде жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыру;

    әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды әзірлеу;

зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын түсіндіру жөнінде құқықтық түсіндіру жұмысын  жүргізуді қамтамасыз ету және ұйымдастыру, аталған салада құқық бұзушылықты алдын алу мен анықтау, ескерту бойынша қабылданған шаралар туралы хабар беру; 

          Зияткерлік меншік құқығын қорғау сұрақтары бойынша азаматтарға кеңес беру және ұйымдастыру;

     Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген өзге қызметтерді жүзеге асырау.

 

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі департаменті басшылығының тапсырмасы бойынша зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселесі бойынша халықаралық конференциялар, семинарлар мен кеңестер жұмысына қатысу;

2) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан электрондық жеткізгіштердегі қажетті ақпаратты және материалдарды Қазақстан Республикасының заңамасында белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;

3) заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасап, iстердi қарауға, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолдануға;

4) Бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін меншік түріне қарамастан ұйымдарға баруға;

5) Бөлімнің жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

 

З. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша бөлім қызметін үйымдастыру.

 

  1. Бөлім Заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актісіне, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, оның басты міндеттері мен қызметтерін іске асыру үшін қажетті өкілеттіктермен иеленеді.
  2. Бөлімді лауазымға тағайындалатын және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте лауазымнан босатылған басшы басшылық етеді.
  3. Бөлім басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне басшылық етеді және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген тапсырмаларды орындаған және өз қызметтерін жүзеге асырған үшін дербес жауапты болады.

 

 

 

Дата публикации
21 февраля 2024