БЕКIТIЛДI
Солтүстiк Қазақстан облысы
Әдiлет департаментi
басшысының
2024 ж. «15» ақпандағы
№ 44-П бұйрығымен
Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің
сот орындаушыларының қызметің реттеу және бақылау бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1) бөлімнің басшысы - 1 бірлік;
2) бөлімнің бас маманы – 6 бірлік;
2) аумақтық бөлімдердің мемлекеттік сот орындаушыларының атқарушылық құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуы жөніндегі қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік сот орындаушылары жасайтын атқарушылық әрекеттердің заңдылығын және іс жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
4) мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының «Ақарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының талаптарын және атқарушылық іс жүргізу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаментінің, Департамент басшысының, Департамент басшысы орынбасарының мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қызметі мәселелері бойынша тапсырмаларын орындайды;
6) мемлекеттік сот орындаушыларының кәсіби деңгейін арттыруды үйлестіруді жүзеге асырады;
7) Министрлікке жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату және айыру туралы ұсыным енгізеді;
8) жеке сот орындаушысын жауаптылыққа тарту туралы тәртіптік комиссияға ұсыным енгізеді;
9) жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді жүргізеді;
10) «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметін көрсетеді;
11) жеке сот орындаушыларының есептерінің және оларға қоса берілген, алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау шеңберінде көрсетілетін жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуді қаржыландыруға жіберілетін құжаттардың негізділігі мен дұрыстығын тексереді;
12) ҚР заңнамасымен, Департамент басшысымен бөлімге жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
1) жеке сот орындаушыларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
2) жеке сот орындаушылар қызметінің тәжірибесін жалпылайды;
3) жеке сот орындаушыларының қызметі туралы ақпаратты жинайды;
4) жеке және заңды тұлғалардың жеке сот орындаушылары қызметінің мәселелері бойынша өтініштерін қарастырады;
5) жеке сот орындаушылармен іс жүргізу ережелерінің сақталуын және жасалған атқарушылық әрекеттерінің заңдылығына бақылауды жүзеге асырады.
1) жеке сот орындаушыларынан, мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан электрондық жеткізгіштердегі қажетті ақпаратты және материалдарды Қазақстан Республикасының заңамасында белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
2) Бөлім қызметкерлерінің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша үйлестіру және бақылауды жүзеге асыруға міндетті;
3) жеке сот орындаушылар қызметін ұйымдастыру бойынша бөлімінің қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізуге құқылы;
4) ҚР қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте азаматтардың құқықтарын, еркіндіктерін және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау талабымен сотқа жүгінуге құқылы;
5) заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасап, iстердi қарауға, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге;
7) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетуге;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке сот орындаушылардың қызметін бақылауды және тексеру жүргізуді жүзеге асыруға.