БЕКIТIЛДI
Солтүстiк Қазақстан облысы
Әдiлет департаментi
басшысының
2019 ж. 19 желтоқсандағы
№ 123-П бұйрығымен
Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті
әкімшілік бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Әкімшілік бөлім (бұдан әрі-Бөлім) Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Әділет департаментінің басшысына тікелей есеп береді.
2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы "Әділет органдары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрықтары мен нұсқауларына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бөлімнің штат санын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бекіткен штат кестесі негізінде Әділет департаментінің басшысы бекітеді.
4. Бөлімі тұрады:
1) бөлім басшысы - 1 бірлік;
2) бөлімнің бас маманы-5 бірлік;
3) жетекші маманы-2 бірлік.
2. Негізгі міндеттері, функциялары, әкімшілік бөлімінің
құқықтары мен міндеттері
5.Міндеттер:
1) Мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру;
2) Мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызмет өткеруді қамтамасыз ету;
3) Қоғамның әділет органдарына сенімін нығайту, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, мемлекеттік қызметті беделін түсіретін бұзушылықтардың, мемлекеттік қызметшілердің әдепке сай емес мінез-құлқының алдын алу;
4) Мемлекеттік органда корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын қалыптастыру;
5) Әділет департаментінің, құрылымдық бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру сапасын жақсартатын жаңа тәсілдерді іздеу және енгізу, сондай-ақ жұмысты ұйымдастырудың жаңа нысандары мен әдістерін зерделеу және енгізу;
6) Әділет департаментінің жұмысын ұйымдастыру және құрылымдық бөлімшелердің қызметін бақылау;
7) Бақылау тапсырмаларының міндетті және уақтылы орындалуын бақылау;
8) Іс жүргізуге мемлекеттік тілді енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
9) Департаментте құжаттармен жұмыс жасаудың нысандары мен әдістерін жетілдіру;
10) Құжаттаудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету, құжаттармен жұмысты ұйымдастыру, ақпараттық-іздестіру жүйелерін құру және жүргізу, құжаттардың орындалуын бақылау және Департаменттің ведомстволық мұрағатына тапсыру үшін құжаттарды дайындау;
11) Ұйымдастыру және есептеу техникасы құралдарын пайдалану негізінде құжаттармен және құжаттық ақпаратпен жаңа технологиялық процестерді әзірлеу, енгізу, оның ішінде құжаттар құрамын және ақпараттық көрсеткіштерді ретке келтіру;
12) Бақылау тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау, Департамент аппараты мен аумақтық бөлімдерді келіп түскен құжаттар бойынша қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі бөлімнің жұмысын ұйымдастыру.
6. Функциялары:
1) Мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;
2) Мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;
3) Мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізу, оның ішінде "Е-қызмет" персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу»;
4) Кәсіби бейімдеу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;
5) Мемлекеттік орган кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде белгіленген мерзімдерге сәйкес мемлекеттік қызметшілерді тағылымдамаларды, даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жолымен қамтамасыз ету;
6) конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
7) Мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату, қызметтік тергеу жүргізу, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқыту рәсімдерінің, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған дерекқорда (ақпараттық жүйеде) сақталуын қамтамасыз ету;
8) Мемлекеттік қызметшілер арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
9) Азаматтардың, заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарында, бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында баяндалған фактілерді тексеру;
10) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
11) Мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдау;
12) Мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
13) Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу;
14) Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшелері арасында үйлестіруді қамтамасыз ету, ҚР Әділет министрлігін хабардар ету;
15) Әділет департаментінің алқа отырыстарын, аппараттық, шұғыл кеңестерді және Әділет департаментінде өткізілетін басқа да іс-шараларды ұйымдастыру;
16) Әділет департаментінің жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастыру және бақылау;
17) Аппаратта, құрылымдық бөлімшелерде функционалдық міндеттердің, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің бақылау тапсырмаларының, әділет Департаментіне мемлекеттік органдардан келіп түсетін құжаттардың орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
18) Әділет департаментінің аппаратында, құрылымдық бөлімшелерде мақсатты, кешенді тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу;
19) Әділет департаментінің жұмысын талдау және қорытындылау.
20) Министрліктің бақылау тапсырмаларын орындау және Министрлікке және басқа да мемлекеттік органдарға есептер беру;
21) Кінәлі қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу;
22) Әкімшілік материалдарды Веб-АП базасына енгізуді жүзеге асыру, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің әкімшілік материалдары бойынша тексерулерді жүзеге асыру;
23) СТОБТ базасы жүйесінде Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру;
24) Солтүстік Қазақстан облысының әділет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпаратты жалпы үйлестіру және жинақтау;
25) Ұйым қызметінде пайда болатын құжаттарды жіктеуді әзірлеу және жетілдіру;
26) Бастапқы өңдеуді жүзеге асыру, құжаттарды алдын ала қарау, тіркеу, есепке алу, сақтау, жеткізу және тарату;
27) Ұйым басшысының құжаттарды уақытылы қарастыруын ұйымдастыру, басшыға қол қоюға ұсынылатын құжаттардың ресімделуіне бақылауды жүзеге асыру;
28) Құжаттардың белгіленген мерзімде орындалуын бақылауды жүзеге асыру, ұйымның басшысын құжаттардың орындалу нәтижелері туралы хабардар ету;
29) Бақылау-анықтамалық және басқа картотекаларды қалыптастыру және жүргізу;
30) Құжаттарды басу, көшіру және көбейту;
31) Іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты және құжаттау және құжаттаманы басқару жөніндегі басқа да нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлеу;
32) Департаменттің істер номенклатурасын жасау, істердің сақталуын қамтамасыз ету және оларды белгіленген тәртіппен ведомстволық мұрағатқа бергенге дейін пайдалану;
33) Құжаттармен жұмыс жасаудың нысандары мен әдістерін жетілдіру, орындаушылық тәртіпті арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;
34) Бөлімдерде істердің дұрыс ресімделуіне және қалыптасуына бақылауды жүзеге асыру, оларды Департаменттің ведомстволық мұрағатына беру мақсатында құжаттардың құндылықтарына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
35) Құжаттау және құжаттаманы басқару мәселелері бойынша кеңестер-семинарлар мен консультациялар өткізу;
36) Тіркеу-бақылау карточкаларын тіркеуді, есепке алуды, ресімдеуді және жүргізуді жүзеге асыру, СҚО бойынша ҚР Бас прокуратурасының ҚС және АЕАЖК «Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ОЛ нысанды статистикалық есепті қалыптастыру және ұсыну;
37) СҚО Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің ЭҚАБЖ базасына мәліметтерді енгізудің дұрыстығына ай сайын талдау жүргізу;
38) ҚР Әділет министрлігіне есептер мен ақпараттарды ұсыну;
39) Департамент басшысының бұйрығымен бекітілген кестеге сәйкес департамент басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыруды жүзеге асыру;
40) ҚР Әділет министрлігінің, Департамент басшысының, Департамент басшысы орынбасарларының нұсқауы бойынша бөлімнің құзыретіне қатысты өзге де функцияларды жүзеге асыру.
7. Құқықтары мен міндеттері:
1) Мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
2) Бөлім қызметкерлерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру.
3) ҚР АІЖК 56-бабында белгіленген тәртіппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа талап арызбен жүгінуге құқылы.
4) Жұмысты ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
5) Департамент және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінен түсініктемелер талап етуге міндетті.
3. Әкімшілік бөлімінің қызметін ұйымдастыру
8. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
9. Бөлім басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
10. Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
11. Бөлім қызметкерлері заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлімнің жұмыс жағдайына жауап береді.
12. Бөлім басшысы департамент басшысына бөлім мен Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.