Сот шешімі негізінде некені бұзу тәртібін түсіндіреді.

Сот шешімі негізінде некені бұзу тәртібін түсіндіреді.

Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімі азаматтармен «Ашық диалог» шеңберінде сот шешімі негізінде некені бұзу тәртібін түсіндіреді. Қазақстан Республикасының Президентімен 2019 жылдың 25 қарашасында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Заңға қол қойылды. Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мақсатында сот шешімі негізінде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу жойылды. Мысалы, егер ерлі-зайыптылар арасындағы неке сот тәртібімен бұзылуы тиіс болса, онда өзгерістер енгізілгенге дейін олар АХАТ органдарына жүгінуге және некені бұзу туралы куәлік алуға міндетті болды (кәмелетке толмаған ортақ балалары болған кезде, мүліктік даулар, ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келіспеуі). 2020 жылдан бастап, сот некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде сот шешімінің көшірмесін шешім шығарылған жер бойынша, сондай-ақ неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеген жер бойынша тіркеуші органға жібереді. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің негізінде 2019 жылғы 10 желтоқсаннан кейін шығарылған некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасы тіркелмейді, неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы акт жазбасына некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы белгі қойылады.Осылайша, азаматтарға некені бұзу туралы заңды күшіне енген сот шешімімен әкімдіктердің АХАТ бөліміне жүгінудің қажеті жоқ. Ерлі-зайыптылар соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі заңды күшіне енгеннен кейін жаңадан некеге отыруға (тіркелуге) (ерлі-зайыпты болуға) құқылы.

Порядок расторжения брака на основании решения суда
Дата публикации
20 августа 2020