Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның ведомстволары, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру РММ «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті», 150010, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы, Қазақстан Конституция көшесі 72, анықтама үшін телефон 8(7152) 33-37-32, факс 8(7152) 33-23-80, электрондық мекенжай: d.kurmasheva@adilet.gov.kz бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға әділет органдары қызметкерлерінің арасында ішкі конкурс жариялайды: 1. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің бас маманы, уақытша негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2023ж.29.06 дейін «С-О-5» санаты, 1 бірлік (ҚР Еңбек кодексінің 100-бабына сәйкес негізгі қызметкер үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақысын сақтамай еңбек демалысы аяқталғанға дейін жұмысқа баруға құқылы). Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық еңбек ақысы: Санаты Еңбек өтіліне байланысты лауазымдық еңбек ақы (теңге) Бастап Дейін С-O-5 151987 198244 Негізгі функционалдық міндеттері: Мемлекеттік қызмет саласында кадр саясатын іске асыру. Кадрлық мәселелерді жүргізу. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментіне: мемлекеттік қызметшілердің штаттық және нақты санының мониторингі бойынша тоқсан сайынғы есептерді. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды жүргізу. Әскери міндеттілерді есепке алу. Тәлімгерлік бойынша жұмысты қамтамасыз ету. Департамент қызметкерлердің жұмыс өтілін есептеу комиссиясы, Департамент тәртіптік комиссиясы, бағалау, конкурстық, аттестация қызметін қамтамасыз етуін жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі: «құқық» немесе «білім» немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету) бейіндері бойынша. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Азаматтық іс жүргізу кодексін, Қылмыстық кодексін, Қылмыстық іс жүргізу кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) білуі. Келесі құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 2. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің атқарушылық өндірісті қамтамасыз бас маманы, уақытша негізгі қызметкердің жүктілікке және босануға байланысты демалысы мерзіміне 2020ж.13.12 дейін «С-О-5» санаты, 1 бірлік. Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық еңбек ақысы: Санаты Еңбек өтіліне байланысты лауазымдық еңбек ақы (теңге) Бастап Дейін С-O-5 151987 198244 Негізгі функционалдық міндеттері: Жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін, прокурорлық ден қою актілерін, сот орындаушыларының қызметімен және сот актілерін орындау мәселелері бойынша ұйыммен байланысты соттардың жеке қаулыларын белгіленген тәртіппен қарайды. Атқарушылық құжаттардың тиісті орындалуын ұйымдастырады. Соттардың және өзге де органдардың сот актілері мен қаулыларының міндетті және уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асырады, жеке сот орындаушыларының, мемлекеттік сот орындаушыларының жасайтын атқарушылық іс-әрекеттерінің заңдылығын және іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Атқарушылық іс жүргізудің есебін және есебін жасауды жүзеге асырады, сондай-ақ жеке сот орындаушысының мұрағатын жүргізеді. Сот актілерін орындау мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуге қатысады. Атқарушылық құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуы бойынша сот актілерін орындау бойынша мемлекеттік сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асырады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі: «құқық» бейіні бойынша. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Азаматтық іс жүргізу кодексін, Қылмыстық кодексін, Қылмыстық іс жүргізу кодексін, Еңбек кодексін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын білуі, «Әділет органдары туралы»Қазақстан Республикасының Заңын, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуі. Келесі құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі. Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш; «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы Нысан __________________________ (мемлекеттік орган) Өтініш Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін. Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________. (иә/жоқ) Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар: ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Мекен жайы: ______________________ Байланыс телефоны: ______________________ e-mail: ______________________ ЖСН: ________________________________ ____________________________________ (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) «___»_______________ 20 __ ж. 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі. Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады. Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады. Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейiн бір жұмыс күн ішінде персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам тапсырылған құжаттарды кандидаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарап, конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды. Комиссияның хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттарғаконкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу және эссе, сондай-ақ қажет болған жағдайда кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде 150010, СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 72 мекен-жайы бойынша «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» РММ-де өтеді. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігінқамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегізжасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.