Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру

 

  «Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» РММ, 150010,  Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 72,  анықтама үшін телефон: 8(7152) 33-32-02 тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу туралы  жариялайды.

Өткізу күні 2023ж. 7 желтоқсан,   сағат 10-00.

Аттестаттау 2020 ж. 29.05. ҚР Әділет министрінің № 69 бұйрығымен бекітілген «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына сәйкес өткізіледі (әрі қарай-Қағидалар).

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға қойылатын негізгі талаптар, жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысында үздіксіз тағылымдамадан өткен, Қазақстан Республикасының азаматы.   

Үміткердің ҚР Азаматтық кодексін, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексін, ҚР Қылмыстық кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексін және «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңын білуі.

Дата публикации
10 ноября 2023