2023 жылғы 04 қыркүйекте СҚО Әділет департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі А. Б. Мағзұмовпен Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің әлеуметтік демалыстағы мемлекеттік қызметшілерімен қызметтік этиканы сақтау, мемлекеттік қызмет бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер туралы кезекті конференция ЗУМ-форматы арқылы өткізді. Конференцияны барысында профилактика бұзушылықтарды алдын алу мақсатында қызметшілердің назарына облыс бойынша жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ жалпы мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар туралы мысалдар келтірілді. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық мәселесіне және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында белгіленген мемлекеттік қызметшілердің шектеулерді сақтауына ерекше назар аударылды. Қорытындыда келіп түскен сұрақтарға жауаптар берілді.