Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның ведомстволары, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның ведомстволары, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру РММ «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті», 150010, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы, Қазақстан Конституция көшесі 72, анықтама үшін телефон 8(7152) 33-37-32, факс 8(7152) 33-23-80, электрондық мекенжай: d.kurmasheva@adilet.gov.kz бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға әділет органдары қызметкерлерінің арасында ішкі конкурс жариялайды: 1. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің бас маманы, «С-О-5» санаты, 1 бірлік. Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық еңбек ақысы: Санаты Еңбек өтіліне байланысты лауазымдық еңбек ақы (теңге) Бастап Дейін С-O-5 176305 229963 Негізгі функционалдық міндеттері: Зияткерлік меншік құқығын қорғау бойынша нормативтік құқықтық актілерді дайындауға қатысу, зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және хаттамалар жасау. Зияткерлік меншік құқығын қорғау бағыты бойынша ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жарты жылдық, жылдық есептерді жасау. Әділет Министрлігінің бақылау тапсырмалары мен тапсырмаларын орындау. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын түсіндіру бойынша жұмыстарды жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі: «құқық» бейіні бойынша. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуі. Келесі құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 2. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің бас маманы, «С-О-5» санаты, 1 бірлік. Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық еңбек ақысы: Санаты Еңбек өтіліне байланысты лауазымдық еңбек ақы (теңге) Бастап Дейін С-O-5 151987 198244 Негізгі функционалдық міндеттері: Әділет департаментінің жұмысын ұйымдастыруды және құрылымдық бөлімшелердің қызметін бақылауды жүзеге асырады. Сот шешімдерінің, ұйғарымдар мен қаулылардың міндетті және уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Іс жүргізуге мемлекеттік тілді енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыру. Әділет департаменті алқасының, Әділет органдарының Үйлестіру кеңесінің отырыстарын, аппараттық отырыстарды және Әділет департаментінде өткізілетін басқа да іс-шараларды ұйымдастыруды жүзеге асырады. Әділет департаментінің аппаратында, құрылымдық бөлімшелерде мақсатты кешенді тексерулерді ұйымдастыру және жүргізуді жүзеге асыру. Әділет департаментінің жұмысын талдау және қорыту. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі: «құқық» немесе «білім» немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету) бейіндері бойынша. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Азаматтық іс жүргізу кодексін, Қылмыстық кодексін, Қылмыстық іс жүргізу кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын білуі, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуі. Келесі құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі. Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш; «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы Нысан __________________________ (мемлекеттік орган) Өтініш Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін. Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________. (иә/жоқ) Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар: ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Мекен жайы: ______________________ Байланыс телефоны: ______________________ e-mail: ______________________ ЖСН: ________________________________ ____________________________________ (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) «___»_______________ 20 __ ж. 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі. Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады. Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады. Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейiн бір жұмыс күн ішінде персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам тапсырылған құжаттарды кандидаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарап, конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды. Комиссияның хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттарғаконкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу және эссе, сондай-ақ қажет болған жағдайда кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде 150010, СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 72 мекен-жайы бойынша «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» РММ-де өтеді. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігінқамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегізжасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Объявление о проведении внутреннего конкурса среди государственных служащих Министерства юстиции Республики Казахстан, его ведомств, территориальных подразделений на занятие вакантных административных государственных должностей корпуса «Б»Дата публикации
19 июня 2020