Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті» РММ, 150010, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы, Қазақстан Конституция көшесі 72, анықтама үшін телефон 8(7152) 33-37-32, факс 8(7152) 33-23-80, электрондық мекенжай: d.kurmasheva@adilet.gov.kz бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды: Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық еңбек ақысы: Санаты Еңбек өтіліне байланысты лауазымдық еңбек ақы (теңге) Бастап Дейін С-О-3 275 194 358 948 С-О-4 176 305 229 963 1. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің «№4 ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» филиалының бөлім басшысы – аға сот орындаушысы, С-О-3 санаты, 1 бірлік. Негізгі функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот шешімдері, ұйғарымдары мен қаулылары, мүліктік өндіріп алу бөлігінде қылмыстық істер бойынша үкімдер мен қаулылар, сондай-ақ өзге де органдардың қаулылары негізінде берілетін атқарушылық құжаттардың міндетті және уақтылы орындалуына бақылау жүргізеді. Өзі басқаратын аумақтық бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және бақылайды және мемлекеттік сот орындаушыларына жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады. Жеке және заңды тұлғалардың сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымдары мен арыздарын шешуді жүзеге асырады, оларды қабылдайды. Аумақтық бөлімнің қызметі туралы статистикалық есепті жасайды және іс жүргізу және мұрағатты жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастырады. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген атқарушылық әрекеттерді жасайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі: «құқық» бейіні бойынша. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес; 3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес; 4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе облыстық деңгейдегі басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес; 6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 7) ғылыми дәрежесінің болуы. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Азаматтық іс жүргізу кодексін, Қылмыстық кодексін, Қылмыстық іс жүргізу кодексін, ҚР Еңбек кодексін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық. Осы санаттағы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 2. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің «№4 ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысы, С-О-4 санаты, 1 бірлік. Негізгі функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүліктік өтеп алуға қатысты қылмыстық істер бойынша сот қаулылары мен үкімдері, азаматтық және әкімшілік істер бойынша анықтамалары мен қаулылары, шешімдері негізінде берілетін атқару құжаттарын және басқа да органдардың қаулыларын міндетті және уақытылы орындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі: «құқық» бейіні бойынша. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Азаматтық іс жүргізу кодексін, Қылмыстық кодексін, Қылмыстық іс жүргізу кодексін, ҚР Еңбек кодексін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық. Осы санаттағы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 3. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің «№2 ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушысы, уақытша негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2021ж.15.11. дейін, С-О-4 санаты, 1 бірлік (ҚР Еңбек кодексінің 100-бабына сәйкес негізгі қызметкер үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақысын сақтамай еңбек демалысы аяқталғанға дейін жұмысқа баруға құқылы). Негізгі функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүліктік өтеп алуға қатысты қылмыстық істер бойынша сот қаулылары мен үкімдері, азаматтық және әкімшілік істер бойынша анықтамалары мен қаулылары, шешімдері негізінде берілетін атқару құжаттарын және басқа да органдардың қаулыларын міндетті және уақытылы орындау. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі: «құқық» бейіні бойынша. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Азаматтық іс жүргізу кодексін, Қылмыстық кодексін, Қылмыстық іс жүргізу кодексін, ҚР Еңбек кодексін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын білуі, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық. Осы санаттағы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі. Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш; «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы Нысан __________________________ (мемлекеттік орган) Өтініш Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін. Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________. (иә/жоқ) Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар: ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Мекен жайы: ______________________ Байланыс телефоны: ______________________ e-mail: ______________________ ЖСН: ________________________________ ____________________________________ (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) «___»_______________ 20 __ ж. 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі. Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады. Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады. Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннанкейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейiн бір жұмыс күн ішінде персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам тапсырылған құжаттарды кандидаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарап, конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды. Комиссияның хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттарға конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу, сондай-ақ қажет болған жағдайда кандидаттарды іріктеудің басқақұралдарын өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде 150010, СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 72 мекен-жайы бойынша «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» РММ-де өтеді. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесеоның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкессот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.