Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы «04» қазан
№ 855 бұйрығына
15 қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті туралы
ЕРЕЖЕ
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттінің кірісіне жіберіледі.
құқықтары мен міндеттері
1) коммерциялық емес ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді (коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеуді қоспағанда), жүзеге асыру; нормативтік құқықтық актілерді қағаз жеткізгіште, оның ішінде «ҚБПҮ» грифімен мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
2) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, құқықтық көмек пен заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, құқықтық насихат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
3) зияткерлік қызмет құқықтарын қорғау және сақтау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
4) атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және қалыптастыру, сондай-ақ қызметті мемлекеттік реттеу;
5) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзуді жүзеге асыру;
6) «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғауды жүзеге асыру;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Департамент өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі қажетті ақпаратты және материалдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
2) өздерiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 56-бабында белгiленген тәртiппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн сотқа талап қойып жүгiнуге;
4) заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасап, iстердi қарауға, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нотариустардың және заң консультанттарының қызметіне тексеру жүргізуге және бақылау жасауға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге;
7) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетуге;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
1) мемлекеттік тіркеу саласында:
нормативтік құқықтық актілерді қағаз жеткізгіште, оның ішінде «ҚБПҮ» грифімен мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу;
жергілікті мемлекеттік басқару органдарында нормативтік құқықтық актілерді шығарудың, қолданудың және мемлекеттік тіркеудің заңдылығы мәніне тексерулер жүргізу;
жергілікті мемлекеттік басқару органдары қабылдаған актілердің тізбесін зерделеу;
қосымша құқықтық мониторинг жүргізеді, құқықтық мониторинг қорытындыларын жинақтайды;
әділет органдары тіркеген нормативтік құқықтық актілерге қатысты енгізілген прокурорлық қадағалау актілері және хаттары бойынша салыстыру жүргізу;
тексеру, салыстырып тексеру, азаматтардың өтініштерін қарау барысында анықталған заңсыз нормативтік құқықтық актілерге қатысты заң бұзушылықтарды және хаттарды жою туралы ұсынымдардың жобаларын дайындау;
әкімшілік істерді қарау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау;
заңды тұлғаларды және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді мемлекеттік тіркеу (коммерциялық ұйымдарды тіркеуді қоспағанда);
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
әділет органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасының сақталуын қамтамасыз ету;
бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізу;
жергілікті атқарушы органдардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша қызметтерін әдістемелік қамтамасыз ету;
азаматтық хал актілерін тіркеуге бақылауды жүзеге асыру және тиісті дерекқорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдарын жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді (коммерциялық ұйымдарды) мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз ету;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді (коммерциялық ұйымдарды) тіркеуге бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
2) заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру саласында:
нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер және тағылымдамадан өткен адамдарды аттестаттаудан өткізу;
адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясының мерзімін тоқтата тұру, тоқтату туралы және адвокаттың лицензиясынан айыру туралы ұсыныстарды Министрлікке енгізу;
адвокаттардың, нотариустардың, заң консультанттарының жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заң көмегінің сапасын бақылау;
аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекет жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарын аттестациялауды жүргiзу;
нотариустарға әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету;
мемлекеттік нотариаттық кеңселерді ашады және тарату;
Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес мемлекеттік нотариустардың мөрлерiн жасауға тапсырысты жүзеге асыру және оларды беру;
нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған кезде нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариаттық іс-әрекеттердің жасалуын ұйымдастыру;
нотариаттық практиканы қорыту;
аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттерді жүзеге асыратын лауазымды адамдарына әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету;
халықты мемлекеттiк және жекеше нотариустардың қызмет ету аумағы туралы үнемi ақпараттандыру;
нотариустың лицензиясын тоқтата тұру, айыру және қолданылуын тоқтату туралы Министрлікке ұсыныс енгізу;
нотариаттық палатамен бірлесіп, тиісті нотариаттық округте өз қызметін тоқтатқан нотариустың мөрін жою және құжаттарын басқа нотариусқа немесе жекеше нотариаттық мұрағатқа беру жөнінде, сондай-ақ егер нотариустың лицензиясының қолданылуы тоқтаған жағдайда оны лицензиарға беру үшін, лицензияны алу жөнінде шара қабылдау;
нотариаттық палатаға жекеше нотариусты жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізу;
жекеше нотариустардың «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының талаптарын сақтауын бақылауды ұйымдастыру және өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаудан бас тартқан және Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңнамасының өзге де талаптарын бұзатын жекеше нотариустарға шара қолдану;
нотариустар және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдары жасаған нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығын және олардың iс жүргiзуiнiң жай-күйiн бақылауды жүзеге асыру;
нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсетуі саласында заңдылықты ұйымдастырады және қамтамасыз ету;
нотариустың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
аумақтық нотариаттық палатаның қызметін бақылауды жүзеге асыру;
аумақтық нотариаттық палатамен бiрлесiп Әдiлет министрлiгiне бекiтуге нотариаттық округтегi нотариустардың ең аз саны туралы ұсыныс енгiзу;
мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғалардың қызметін үйлестіреді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
халыққа заң көмегін көрсететін тұлғалар, заң көмегін көрсету тетіктері, негіздері мен шарттары туралы құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз ету;
аумақтық әділет органы мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізімін тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында жариялайды және өзінің интернет-ресурсына орналастырады;
әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;
1993 жылғы 22 қаңтардағы Миниске қаласында және 2002 жылғы 7 қазандағы Кишинев қаласында жасалған қылмыстық, отбасылық және азаматтық істердің, құқықтық қатынастар бойынша және құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясы шегінде құқықтық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
құқықтық насихатты ұйымдастыруды үйлестіру, заңнаманы түсіндіруге қатысу;
3) зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында:
Қазақстан Республикасының тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атауды пайдаланылу саласындағы, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша прокуратура органдарының тапсырмалары заңнаманың сақталу тұрғысында жеке және заңды тұлғалардың жүгінуі негізінде жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыру;
зияткерлік меншікті қорғау саласындағы заңнаманы қолданудың практикасын жинақтау;
зияткерлік меншік құқығын сақтау және қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын түсіндіру жөнінде құқықтық түсіндіру жұмысын қамтамасыз ету және өткізу, аталған салада құқық бұзушылықты алдын алу мен анықтау, ескерту бойынша қабылданған шаралар туралы хабар беру;
4) атқарушылық құжаттарды орындау саласында:
атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету (ұйымдастырушылық, әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау, талдау, атқарушылық іс жүргізу бойынша шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау, борышкерлердің тыйым салынған мүлкімен жұмыс);
жеке сот орындаушыларының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңды сақтауын және өз міндеттерін тиісінше орындауын бақылауды ұйымдастыру;
Әділет министрлігіне жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату не одан айыру туралы ұсыныс енгізу;
жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының және өңірлік палаталарының тәртіптік комиссиясына тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы ұсыныс енгізу;
жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді жүргізу;
жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына аттестаттауға жіберу туралы өтініштерді қарау;
жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер және тағылымдамадан өткен адамдарды аттестаттаудан өткізу;
алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау шеңберінде көрсетілетін, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуді қаржыландыруға бағытталатын, республикалық бюджеттен қаражат төлеуді жүргізу;
лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығару;
жеке сот орындаушыларына әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
жеке сот орындаушыларының жұмыс практикасын қорыту;
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңның 148-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ақпарат жинауды жүзеге асыру;
жеке және заңды тұлғалардың жеке сот орындаушылары қызметінің мәселелері бойынша өтініштерін қарау;
жеке сот орындаушылары жасайтын атқарушылық әрекеттердің заңдылығын және олардың іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының отырыстарына қатысу;
жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, олардағы сын ескертпелердi талдауға және қорытуға, жұмысты жетiлдiру әрi жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын туғызатын себептердi жою мақсатында қоғамдық пiкiрдi зерделеу.
1) өз құзыретінің шегінде Департамент қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) Департаменттің қызметкерлерін, басшының орынбасарларын, сондай-ақ ауданаралық әділет басқармаларының және сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, дайындау (қайта дайындау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақы және сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;
3) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
5) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері, ауданаралық әділет басқармалары, сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
6) өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүддесін білдіреді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
Департамент басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Департамент мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Департаменттің қарамағындағы аумақтық
бөлімшелердің тізімі