СҚО Әділет департаменті (бұдан әрі-Департамент) және оның аумақтық бөлімшелері 11 Мемлекеттік қызмет көрсетеді, олар «Азаматтарға арналған үкіметі» мемлекеттік корпорациясы және «Е – лицензиялау», «Е-апостиль», «Мемлекеттік Деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы және қағаз жеткізгіштерде келіп түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының әділет органдарымен 2022 жылдың 6 айында барлығы 894 (2021 жылы 1151) мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
Мемлекеттік корпорация арқылы – 750, (2021 жылы 1010) қызмет көрсетілді.
Е-лицензиялау арқылы – 10, (2021 жылы 28) қызмет көрсетілді.
«Электрондық үкімет порталы» арқылы – 41,(2021 жылы 55) қызмет көрсетілді.
қағаз түрінде – 78, (2020 жылы 58) қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің интернет-ресурстарда қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Департамент ғимаратында тұрақты негізде өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, онда азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға өз өтініштерін электрондық форматта бере алады. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы брошюралар қолданыстағы заңнамаға сәйкес келеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тоқсан сайын СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ қызметкерлері үшін оқыту семинарлары, дәрістер өткізіледі, сондай - ақ онлайн-семинарлар, департаменттің интернет-ресурстарында жарияланымдар жүргізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің аумағында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға күнделікті қолжетімді шақырту түймелері мен пандус орнатылды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мемлекеттік қызметке қолжетімдігі бойынша мониторинг күнделікті жүргізіледі.
Бекітілген басшылардың сөз сөйлеу кестесіне сәйкес 2022 жылға «Facebook» әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы «Мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімдерін жетілдіру, оның ішінде оларды электрондық форматта ұсыну мүмкіндіктері туралы» тақырыбында сөз сөйледі.
Қызмет көрсету сапасын жақсарту, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында Департамент СҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Департаменті ұйымдастырған онлайн мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесіне қатысты.
«2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес департамент қызметкерлері «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсына қатысты.
Ағымдағы жылғы 28 маусымда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу бойынша есептерді ресімдеу кезінде нормативтік құқықтық актілер талаптарын сақтау мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетуге бейімделген қызметкерлері үшін «Солтүстік Қазақстан облысында азаматтардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын әлеуметтік зерттеу нәтижелерін зерделеу, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жұмыс туралы есептерді ұсыну тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді.
Әділет органдарында 2022 жылдың 6 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша өткізілген іс-шаралар саны 60, халықты қамту саны 10
860 құрады, ( 2021 жылы-95 адам, 6197 адам қамтылған), оның ішінде 22 іс-шара мемлекеттік қызметті электрондық форматта алуды танымал ету бойынша, қамтылған халықтың саны-9610 адам, (2021 жылы-30 іс-шара, қамтылған халық саны 2452 адам).
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу бойынша функциялар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа берілген сәттен бастап күн сайын мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі жүргізіледі.
Мониторинг ЗТ МДҚ-да өтініштердің орындалуын тексеру арқылы күніне екі рет жүргізіледі. Жүргізілетін мониторинг тапсырыстың өтініш беруден бастап оны орындауға дейінгі қозғалысын бақылайды.
Жүргізілген мониторинг шеңберінде әділет департаменті ХҚКО ЫАЖ және ЭҮП ИАЖ ақпараттық жүйелерінен келіп түсетін коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу бойынша тіркеу іс-әрекеттері мен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзған жоқ.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2015 жылғы
26 қаңтардағы № 42 бұйрығымен бекітілген «Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде есептік ақпаратты қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесі» негізінде уәкілетті орган мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу жөніндегі есептерге қайта тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесі бойынша 2 қызметкер тәртіптік жазаға тартылды.
СҚО Әділет департаментінің атына мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен мерзіміне шағымдар түскен жоқ, мерзімдері бұзылған жоқ.
СҚО Әділет департаментінің веб-сайтында және әлеуметтік желілерде соңғы өзгерістермен Солтүстік Қазақстан облысы Әділет Департаменті көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы толық және қолжетімді ақпарат орналастырылады.
Солтүстік Қазақстан облысының
Әділет департаменті