«Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы туралы Қайта оралу

Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында, Қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері (бакалаврлар, магистранттар мен докторанттар) үшін стипендиялардың жақын арада көтерілуі туралы жаңалық жаппай тарала бастады. Бұл ретте жаңалықтар репортаждары стипендиялар көтерілетін стипендиаттардың санаттары, стипендияларды арттыру мөлшері және т.б. туралы әртүрлі ақпаратты хабарлады.

Мемлекеттік стипендияның өлшемдерін, сондай-ақ оны тағайындау және төлеу қағидалары «Білім туралы» ҚР Заңының 47-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ғана бекітеді.

ҚР Президентінің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында тапсырмасын, сондай-ақ Аманат партиясының «Өзгерістер жолы: Барлығына лайықты өмір!» бағдарламасын орындау шеңберінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірлеген «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі - Жоба) ҚР Әділет министрлігімен 2021 жылғы 25 ақпанда келісілген.

Атап айтқанда, жобада стипендиаттардың келесі санаттары үшін стипендияларды арттыру ұсынылады:

1) даярлаудың педагогикалық бағыттарында және даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша оқитын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 36660 (отыз алты мың алты жүз алпыс) теңге;

2) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттарында оқитын студенттерге – 58800 (елу сегіз мың сегіз жүз) теңге;

3) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша оқитын студенттерге – 58800 (елу сегіз мың сегіз жүз) теңге;

4) интерндерге – 66403 (алпыс алты мың төрт жүз үш) теңге;

5) магистранттарға – 86987 (сексен алты мың тоғыз жүз сексен жеті) теңге;

6) «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттарға - 162500 (жүз алпыс екі мың бес жүз) теңге;

7) докторанттарға – 195000 (жүз тоқсан бес мың ) теңге;

8) даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша докторанттарға 195000 (жүз тоқсан бес мың ) теңге;

9) даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша дәрігер-резиденттерге және магистранттарға – 100036 (жүз мың отыз алты) теңге;

10) мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарына соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық айлықақысының, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алып жатқан магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендиядан төмен емес деңгейде;

11) техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 21787 (жиырма бір мың жеті жүз сексен жеті) теңге мөлшерінде белгіленеді.

Жобаның мақсаты мемлекеттік стипендияларды төлеу тәртібін жетілдіру және нақтылау, оның ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органның операторының мемлекеттік стипендияны төлеуді енгізу болып табылады.

Актінің қолданысы 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Дата публикации
05 октября 2022