Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2022 жылғы 2 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша талдау анықтамасы

    СҚО Әділет департаменті (бұдан әрі-Департамент) және оның аумақтық бөлімшелері 11 мемлекеттік қызмет көрсетеді, олар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және «Мемлекеттік деректер қоры», «Е – лицензиялау», «Е-Апостиль» ақпараттық жүйесі арқылы және қағаз жеткізгіштерде келіп түседі.

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 1 шілдедегі № 116 бұйрығына сәйкес, есепте көрсетілетін қызметті берушілердің қағаз нысанда және көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсеткен деректері көрсетілген.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша тоқсан сайынғы есеп енгізілген өзгерістерге сәйкес, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрінің 2022.05.18 № 170/НҚ бұйрығы негізінде ұсынылады.

    Солтүстік Қазақстан облысының әділет органдарымен 2022 жылдың 2 тоқсанында барлығы 582 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде бас тартулар-2:

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ арқылы 519қызмет көрсетілді.

«Е -лицензиялау» арқылы– 3 қызмет көрсетілді.

«Электрондық үкімет порталы» арқылы-22 қызмет көрсетілді.

қағаз түрінде – 38қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтердің салалары бойынша кесте:

Мемлекеттік қызметтердің саласы

саны

ААҮ

КЕАҚ арқылы

ЭҮП арқылы

Е-лиценз

Қағаз жеткізгіште

Бас тарту

саны

Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық іс жүргізуді қозғау

38

-

-

-

38

-

Әділет органдарының және өзге де мемлекеттік органдарының,

сондай-ақ Қазақстан Республикасының нотариустарының шығыс ресми құжаттарына апостиль қоюға өтініштер қабылдау

291

272

19

-

-

-

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтер

250

247

3

-

-

1

Жеке сот орындаушысының лицензиясын алуға үміткер адамдардың атестациясы

1

-

-

1

-

1

Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу

2

-

-

2

-

-

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау жүргізу

-

-

-

-

-

-

Барлығы

582

519

22

3

38

2

 

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер бойынша тіркеу қызметі саласында:

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу» бойынша-7 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

     Кіші түрлері: - «Атауын өзгерту» -7.

«Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай – ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу» бойынша-37 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

Кіші түрлері: - « Орналасқан жерінің өзгеруі» -3қызмет көрсетілді.

- « Ережені (жарғыны) жаңа редакцияда бекіту» - 29қызмет көрсетілді.

- « Орналасқан жерін өзгерту, ережені (жарғыны) жаңа редакцияда бекіту» – 5.

05.04.2022 жылы «Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі қоғамдық бірлестігі» қоғамдық бірлестігінен ЭҮП арқылы электрондық өтініш келіп түсті, онда құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімді уәкілетті емес заңды тұлға қабылдағаны анықталды. Сондай-ақ Жарғының (ереженің) жаңа редакциядағы немесе Жарғыға (Ережеге) қосымшаның электрондық көшірмесі ұсынылмаған, бұл «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының» № 3 қосымшасын бұзады.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР Заңының 14-1 бабын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы бұйрық шығаруға шешім қабылданды.

07.04.2022 жылы СҚО Әділет департаментіне тіркеуші органның хабарламасы бойынша заңды тұлғаның өкілі В.Ф. Лаврик келді.  Сол күні өкіл В.Ф. Лаврикпен тыңдау хаттамасы өткізілді және қаралып отырған мәселе бойынша түсініктемелер алынды. Осылайша, заңды тұлға тарапынан әкімшілік істің алдын ала шешімі бойынша шағымдар мен қарсылықтар болмады.

2022 жылдың 2 тоқсанында « Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша - 1 бас тарту.

« Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабы 2-тармағы, сондай-ақ «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 141-1-бабы 2-тармағы, көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің талаптарға,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес өтініш берушіге «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына  жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартылды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің интернет-ресурстарда қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Департамент ғимаратында тұрақты негізде өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, онда азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға өз өтініштерін электрондық форматта бере алады. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы брошюралары қолданыстағы заңнамаға сәйкес келеді.

Департамент аумағында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жыл бойы қолжетімді шақырту түймелері мен пандус орнатылған.Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін объектілердің қолжетімділігіне мониторинг күнделікті негізде жүргізіледі.

         Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тоқсан сайынғы негізде СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ қызметкерлері үшін оқыту семинарлары, дәрістер өткізіледі, сондай - ақ онлайн-семинарлар, департаменттің интернет-ресурстарында жарияланымдар жүргізіледі.

Қызмет көрсету сапасын жақсарту, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында Департамент СҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Департаменті ұйымдастырған мемлекеттік қызметтер онлайн - Жәрмеңкесіне қатысты.

«2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына»  сәйкес Департамент қызметкерлері «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсына қатысты.

         Ағымдағы жылғы 28 маусымда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу бойынша есептерді ресімдеу кезінде нормативтік құқықтық актілер талаптарын сақтау мақсатында Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлері үшін «Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына азаматтардың қанағаттану деңгейін әлеуметтік зерттеу нәтижелерін зерделеу» тақырыбында семинарөткізілді.

Кәсіби құзыреттілікті арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін Департаменттің 2 қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.

         Әділет органдарында 2022 жылдың 2 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша өткізілген іс-шаралар саны 29, қамтылған адамдардың саны 5042 құрады, оның ішінде 13 іс-шара мемлекеттік қызметті электрондық форматта алуды танымал ету бойынша, қамтылған халықтың саны-4485.

Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу бойынша функциялар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа берілген сәттен бастап күн сайын мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі жүргізіледі.Мониторинг ЗТ МДҚ-да өтініштердің орындалуын тексеру арқылы күніне екі рет жүргізіледі. Жүргізілетін мониторинг тапсырыстың өтініш беруден бастап оны орындауға дейінгі қозғалысын бақылайды.

Жүргізілген мониторинг шеңберінде әділет департаменті ХҚКО ЫАЖ және ЭҮП ИАЖ ақпараттық жүйелерінен келіп түсетін коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу бойынша тіркеу іс-әрекеттері мен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.

Сонымен қатар, тоқсан сайын әділет органдарындағы мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық факторларын анықтау үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында ахуалдар туғызатын ақпараттық жүйелердегі кемшіліктер анықталған жағдайда, жоғарғы органға ұсыныстар жіберіледі (қосымшаланды).

2022 жылдың 2 тоқсанында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 42 «Тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде есептік ақпараты қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде уәкілетті орган қайта тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша 2 қызметкер тәртіптік жазаға тартылды.

СҚО Әділет департаментінің атына мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен мерзіміне шағымдар түскен жоқ, мерзімдері бұзылған жоқ.

Департаментте әділет органдарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беруге арналған «Телефон - жедел желі» қашықтықтан кеңес беру секторы жұмыс істейді. Барлық туындаған сұрақтарды азаматтар мына телефондар бойынша қоя алады:

33-23-80; 33-37-32; 33-26-35, Сенім телефоны: 46-36-96

WhatsApp арқылы:8777 795 52 25, 8707 956 67 36.

СҚО Әділет департаментінің веб-сайтында тоқсан сайын соңғы өзгерістермен Солтүстік Қазақстан облысы Әділет Департаменті көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы толық және қолжетімді ақпарат орналастырылады.

Солтүстік Қазақстан облысының

Әділет департаменті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
22 июля 2022