«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР заңының 75 бабына сәйкес жоғары заң білімі бар, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар , аттестаттаудан өткен, заң консультанттары палатасының мүшесі болып табылатын және заң көмегін көрсететін жеке тұлға заң консультанты болып табылады. Заң консультанты заң көмегін дара кәсіпкерлік түрінде жеке практикамен айналыса отырып не дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеусіз, сондай-ақ заңды тұлғамен еңбек шарты негізінде өзі дербес көрсете алады.

Дата публикации
28 апреля 2022