Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2022 жылғы 1 тоқсанындакөрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша талдау анықтамасы

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2022 жылғы 1 тоқсанындакөрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша талдауанықтамасы СҚО Әділет департаменті (бұдан әрі-Департамент) және оның аумақтық бөлімшелері 10 мемлекеттік қызмет көрсетеді, олар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және «Мемлекеттік деректер қоры», «Е – лицензиялау», «Е-Апостиль» ақпараттық жүйесі арқылы және қағаз жеткізгіштерде келіп түседі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 1 шілдедегі № 116 бұйрығына сәйкес, есепте көрсетілетін қызметті берушілердің қағаз нысанда және көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсеткен деректері көрсетілген. Солтүстік Қазақстан облысының әділет органдарымен 2022 жылдың 1 тоқсанында барлығы 312 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде бас тартулар-9: «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ арқылы 231қызмет, оның ішінде бас тарту- 1. «Е -лицензиялау» арқылы– 7. «Электрондық үкімет порталы» арқылы-19оның ішінде бас тарту-3. қағаз түрінде – 55, оның ішінде бас тарту -5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің интернет-ресурстарда қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Департамент ғимаратында тұрақты негізде өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, онда азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға өз өтініштерін электрондық форматта бере алады. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы брошюралар қолданыстағы заңнамаға сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тоқсан сайынғы негізде СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ қызметкерлері үшін оқыту семинарлары, дәрістер өткізіледі, сондай - ақ онлайн-семинарлар, департаменттің интернет-ресурстарында жарияланымдар жүргізіледі. Департамент аумағында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жыл бойы қолжетімді шақырту түймелері мен пандус орнатылған.Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін объектілердің қолжетімділігіне мониторинг күн сайын жүргізіледі. Басшылардың 2022 жылға арналған бекітілген сөйлеу кестесіне сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы «Facebook» әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде «Мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін жетілдіру, оның ішінде оларды электрондық форматта ұсыну мүмкіндіктері туралы» тақырыбында сөз сөйледі. Әділет органдарында 2022 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша өткізілген іс-шаралар саны 31 (халықты қамту 5819 адам) құрады, оның ішінде 9 мемлекеттік қызметті электрондық форматта алуды насихаттау бойынша (халықты қамту 5125). Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу бойынша функциялар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ берілген сәттен бастап күн сайын мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі жүргізіледі. Мониторинг ЗТ МДҚ-да өтініштердің орындалуын тексеру арқылы күніне екі рет жүргізіледі. Жүргізілетін мониторинг тапсырыстың өтініш беруден бастап оны орындауға дейінгі қозғалысын бақылайды. Жүргізілген мониторинг шеңберінде Әділет департаменті ХҚКО және ЭҮП ақпараттық жүйелерінен келіп түсетін коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу бойынша тіркеу іс-әрекеттері мен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзған жоқ. СҚО Әділет департаментінің атына мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен мерзіміне шағымдар түскен жоқ, мерзімдері бұзылған жоқ. СҚО Әділет департаментінің веб-сайтында тоқсан сайын соңғы өзгерістер мен Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы толық және қолжетімді ақпарат орналастырылады. СҚО Әділет депаратменті

 

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2022 жылғы 1 тоқсанындакөрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша талдауанықтамасы
Дата публикации
25 апреля 2022