"Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 27 мамырдағы № 58 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 мамырда № 20740 болып тіркелді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 10-бабы 1) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің міндетін атқарушы |
Н. Пан |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2020 жылғы "__" ______________
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 13.08.2021 № 708 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 23.12.2020 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттері өзінің аумақтық бірлігіне сәйкес құжаттарға қол қою құқығы берілген лауазымды адамдардың қол қою үлгілерін (бұдан әрі - қол қою үлгісі) және құжатты берген органның мөр бедерін (бұдан әрі - мөр бедері) лауазымды адамдардың тағайындалуына және орган мөрінің өзгеруіне қарай Әділет министрлігіне жібереді.
Әділет министрлігі өзекті қол қою үлгілерінің және мөр бедерлерінің үлгілерін жинап, оларды мемлекеттік қызмет көрсету кезінде пайдалану үшін облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттеріне жібереді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен шарттары
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.
Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер ақпараттық жүйенің істен шығу себептерін анықтау бойынша шаралар қабылдайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама (акт) жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы тапсырған кезде "жеке кабинетіне" өтініш түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салуды қабылдау туралы мәртебесі жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші қол қою үлгісі мен мөр бедерінің өтінішке тіркелген апостиль қоюға жататын құжат көшірмелерінің сәйкестігін, сондай-ақ өтінішпен қоса берілген құжаттардың Конвенция мен Бірыңғай қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді.
Апостиль қоюға жататын құжаттың сканерленген көшірмесі, қол қою мен мөр бедерінің үлгілеріне, өтініш пен оған қоса берілген құжаттар Конвенция мен Бірыңғай қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген кезде, не қоса берілген құжаттардың толық болмау фактісі анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту түрінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.
Өтініш дұрыс толтырылған және қоса берілген құжаттар Конвенция мен Бірыңғай қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарға апостиль қою күні мен уақытын тағайындау туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Құжаттарды апостильдеу келесі жұмыс күніне тағайындалады.
Апостиль беру аумағына қарамастан құжаттың қағаз түрінде көрсетілгеннен кейін және апостиль қою үшін мемлекеттік баж төленгеннен кейін сол күні қойылады.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжатты салыстырады, құжатқа "апостиль" мөртабанын қояды және көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы қол қойған қағаз форматындағы құжат түрінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді.
Белгіленген күні апостиль қоюға жататын құжат ұсынылмағанда, ұсынылған құжаттар Конвенция мен Бірыңғай қағидалардың талаптарына сәйкес келмегенде немесе ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, құжаттар ұсынылған немесе ұсынылмаған сәттен бастап көрсетілетін қызметті беруші сол жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту түрінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға порталға жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде - Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, оларды қабылдайды және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді. Қабылданған құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік байланыс арқылы жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтініш түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, содан кейін апостиль қоюға жауапты қызметкерге береді.
Көрсетілетін қызметті беруші қол қою үлгісі мен мөр бедерінің апостиль қоюға жататын құжатқа сәйкестігін, сондай-ақ өтініш пен ұсынылған құжаттардың Конвенция мен Бірыңғай қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді.
Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті және ұсынылған құжаттарды тексергеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжатқа "апостиль" мөртабанын қояды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы қол қойған қағаз форматындағы құжат түріндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тартуды жібереді.
Мемлекеттік корпорация 1 (бір) ай көлемінде құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, кейін оны әрі қарай сақтауға көрсетілетін қызметті берушіге береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткен соң жүгінгенде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің м.а. 13.08.2021 № 708 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 28.09.2021 № 841 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 28.09.2021 № 841 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
18. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің м.а. 28.09.2021 № 841 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
19. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің м.а. 28.09.2021 № 841 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің м.а. 28.09.2021 № 841 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
21. Алып тасталды - ҚР Әділет министрінің м.а. 28.09.2021 № 841 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
|
"Қазақстан Республикасының |
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 23.12.2020 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Әділет министрінің м.а. 13.08.2021 № 708 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.09.2021 № 841 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
|
"Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметті көрсету стандарты |
|
|||
|
1 |
Қызмет берушінің атауы |
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілдері |
1) Мемлекеттік корпорация; 2) портал арқылы. |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері |
Мемлекеттік корпорацияда - 2 жұмыс күні. Қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Порталда - құжаттарды апостильдеу күнін, уақытын тағайындау туралы хабарлама алу - 1 (бір) жұмыс күні; портал арқылы өтініш түскен кезде Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру - 1 (бір) жұмыс күні; Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут. |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі |
1) Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіштегі "апостиль" мөртабаны бар құжат; 2) көрсетілетін қызметті алушы өтінішхатпен жүгінген жағдайда өтінішті қарауды тоқтату туралы хат; 3) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде, портал арқылы жіберген кезде электрондық түрде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты. |
|
|
|
6 |
Мемлекеттік баж мөлшері |
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған әрбір ресми құжатқа апостиль қойғаны үшін - 0,5 АЕК |
|
|
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. 2) Мемлекеттік корпорация - жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен, апостиль қоюға жататын құжаттар - мемлекеттік корпорацияның кез келген филиалында экстерриториалдық қағидаты бойынша (құжатты беру орнына қарамастан) жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады; 3) порталда-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Мемлекеттік корпорация: 1) Қағидаларға 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша апостиль қоюға өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) апостиль қоюға жататын құжат (құжаттар түпнұсқаларда да, нотариалды куәландырылған көшірмелерде де апостиль қою үшін қабылданады); 4) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат; 5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі (жеке тұлға) жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат); заңды тұлға атынан өкілі жүгінген кезде заңды тұлғаның басшысының немесе құрылтай құжаттарымен уәкілетті өзге де тұлғаның қолы қойылған және осы ұйымның мөрімен расталған сенімхат; Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде берген немесе куәландырған және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген сенімхаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (көшірмесімен сәйкестендіру үшін); 6) басқа мемлекеттік органдар берген құжаттардың қолының және мөр бедерінің үлгісі. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады. Портал арқылы жүгінген кезде: 1) ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық өтініш; 2) апостиль қоюға жататын құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі. Көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректері өзгерген жағдайда растайтын құжаттар қоса беріледі (шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген немесе куәландырған, арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады. Мұрагерлер жүгінген кезде растайтын құжаттар ұсынылады. |
|
|
|
9 |
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті мынадай негіздер бойынша бас тартуы |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) толық емес, дәйексіздігі фактісінің анықталуы; 2) апостиль қоюға жататын құжаттардың болмауы немесе құжаттардың ұсынылмауы; 3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өтініштің және қоса берілген, ұсынылған құжаттардың Конвенцияның немесе Бірыңғай қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі; 4) апостиль қоюға жататын құжаттан қолдар мен мөр бедерінің үлгілерінің сәйкес келмеуі. Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін. |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Денсаулығы бұзылған, ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен тыныс-тіршілігі шектелген мемлекеттік қызметті алушыға қажет болған жағдайда Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып, Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну арқылы жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде бірыңғай байланыс орталығы арқылы 1414, 8 800 080 7777 алады. Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. |
|
|
|
|
"Қазақстан Республикасының |
|||
|
|
Нысан |
|||
|
|
____________________________ |
|||
Апостиль қою туралы өтініш
________________________________________________________________________________
(құжаттың атауы мен мазмұны)
__________________________________________________________ апостиль қоюды өтінемін
(қашан, кім берген)
________________________________________________________________________ берілген.
(нотариустың\құжатқа қол қойған лауазымды адамның Т.А.Ә
(жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе)
Апостиль қойылған құжат ___________________________________________________
(құжат жіберілетін елдің атауы)
органдарына тапсыру үшін қажет
Қазақстан Республикасы аумағында өзгертілген сауалнамалық деректерді немесе
туыстығын растайтын мәліметтерді тексеру үшін (апостиль қоюға жататын құжатқа
байланысты) ____________________________________________________________________
(тиісті акт жазбасының қашан тіркелгенін, қандай мәліметтердің өзгергенін, туыстық
дәрежесін, тіркеуші органның атауын және басқа да мәліметтерді көрсету)
Келесі құжаттар ұсынылады: _________________________________________________
________________________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты
пайдалануға келісім беремін
"___" ___________ 20 жылғы ____________________
(өтініш берушінің қолы)
________________________________________________________________________________
(апостиль мөртабанын қойған лауазымды адамның Т.А.Ә. (жеке басын куәландыратын
құжаттарда көрсетілсе)
№ ____________ журнал бойынша
|
|
"Қазақстан Республикасының |
|
|
"Қазақстан Республикасының |
|
|
Нысан |
|
|
____________________________ |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуыңызға, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атаулары:
1)________________________________________;
2)________________________________________;
3)________________________________________.
ұсынуыңызға байланысты мемлекеттік қызметті "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Осы қолхат әр тарапқа бір-біреуден 2 данада жасалды.
________________________________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т.А.Ә (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. (бар болса) _____________
Телефоны __________
Алдым: Т.А.Ә (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) / көрсетілетін қызметті алушының қолы____________________ 20__ жылғы "___" _________
|
|
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11685 тіркелді, 2015 жылдың 13 тамызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 93 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13235 тіркелді, 2016 жылдың 1 наурызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
3) "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 1107 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14485 тіркелді, 2016 жылдың 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
4) "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 1001 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15466 тіркелді, 2017 жылдың 17 тамызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
5) "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 13 шілдедегі № 1090 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17203 тіркелді, 2018 жылдың 23 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
6) "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 17 қаңтардағы № 26 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18207 тіркелді, 2019 жылдың 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
7) "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2019 жылғы 20 қыркүйегіндегі № 472 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19403 тіркелді, 2019 жылдың 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК