1.Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, уақытша негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2024ж.14.06. дейін «С-О-5» санаты, 1 бірлік (ҚР Еңбек кодексінің 100-бабына сәйкес негізгі қызметкер бала үш жасқа толғанға дейін жалақысы сақталмайтынбала күту бойынша демалысының мерзімі аяқталғанына дейін жұмысқа шығуы құқылы).
Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық еңбек ақысы:
Санаты |
Еңбек өтіліне байланысты лауазымдық еңбек ақы (теңге) |
|
|
Бастап |
Дейін |
|
|
С-O-5 |
263131 |
302255 |
Негізгі функционалдық міндеттері:Жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін, прокурорлық ден қою актілерін, құқық қорғау органдарының процестік құжаттарын, сот орындаушыларының қызметімен және сот актілерін орындау мәселелері бойынша ұйыммен байланысты соттардың жеке қаулыларын белгіленген тәртіппен қарау. Атқарушылық құжаттардың тиісті орындалуын ұйымдастыру. Соттардың және өзге де органдардың сот актілері мен қаулыларының міндетті және уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру, жеке сот орындаушыларының және мемлекеттік сот орындаушыларының жасайтын атқарушылық іс-әрекеттерінің заңдылығын және іс жүргізу ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру. Атқарушылық іс жүргізудің есептілігін және есебін жасау. Сот актілерін орындау мәселелері бойынша әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге қатысу.
(А Блогы, Грейд 5)
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
«Құқық» жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Азаматтық процестік кодексін, Қылмыстық кодексін, Қылмыстық - процестік кодексін, «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білу, Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңын білу.Келесі құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған
мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды
ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттардықабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына
орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________.
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Мекен жайы: ______________________
Байланыс телефоны: ______________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ________________________________
____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізутуралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннанкейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейiн бір жұмыс күн ішіндеперсоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам тапсырылған құжаттарды кандидаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарап, конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.
Комиссияның хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттарға персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу, сондай-ақ қажет болған жағдайда кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде 150010, СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 72 мекен-жайы бойынша «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» РММ-де өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігінқамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегізжасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшінадам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.