Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның ведомстволары, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның ведомстволары, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері арасында                    «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына орналасуға

ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

РММ  «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті», 150010,  Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы, Қазақстан Конституция көшесі 72,  анықтама үшін телефон 8(7152) 33-37-32, электрондық мекенжай: d.kurmasheva@adilet.gov.kz бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға әділет органдары қызметкерлерінің арасында ішкі конкурс жариялайды:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы, уақытша негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2024ж.06.04. дейін «С-О-5» санаты, 1 бірлік (ҚР Еңбек кодексінің 100-бабына сәйкес негізгі қызметкер үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақысын сақтамай еңбек демалысы аяқталғанға дейін жұмысқа баруға құқылы).

Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық еңбек ақысы:

 
Санаты

Еңбек өтіліне байланысты лауазымдық еңбек ақы (теңге)

 Бастап

Дейін

С-O-5

176305

229963

 

Негізгі  функционалдық міндеттері: Тіркеуге ұсынылған құжаттарға құқықтық талдау жүргізу, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, мемлекеттік тіркеу мерзімін тоқтата тұру, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден, таратудан бас тарту туралы бұйрықтар дайындау, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктерді және заңды тұлғаны тарату туралы бұйрықтарды дайындау және беру, тіркелген немесе таратылған заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің) қажетті құжаттарын дайындау және беру, электрондық деректер банкін жүргізу, азаматтық істер бойынша сотқа қатысу. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша,  жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Тіркеуші органмен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингін жүргізу. Әдіснамалық көмек көрсету, субъектіге барып профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге қатысу. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету мониторингін жүзеге асыру. Хаттамаларды жасау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, әкімшілік жазаларды қолдану. Көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімдерін бұзу фактілері туралы Әділет басқармасына уақтылы хабарлауын бақылауды жүзеге асыру. Семинарлар өткізу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша заңнаманы қолдану практикасын талдау және қорыту, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша тіркеуші органға профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге қатысу, «Азаматтарға арналған Үкімет» МК КЕАҚ-на әдіснамалық көмек көрсету. Бөлімде іс қағаздарын жүргізу. Апостиль қоюға келіп түсетін құжаттарды қабылдауды, ресімдеуді және есептік тіркеуді жүзеге асыру, сондай-ақ апостиль қою мәселелері бойынша кеңестер беру.  Әдіснамалық көмек көрсету, субъектіге барып профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге қатысу, неке-отбасы заңнамасын насихаттау мақсатында лекциялармен, әңгімелесулермен бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу. Жоспарларды орындау, есептерді дайындау.

(А Блогы, Грейд 5)

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

«Құқық» немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, қаржы және несие,  мемлекеттік және жергілікті басқару,  мемлекеттік муниципалдық басқару) немесе «бизнес және басқару» немесе «білім» бейіндері бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі. 

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексін,  Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, Қазақтан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын, Қазақтан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңын, Қазақтан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңын, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын, Қазақтан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы №67 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртiбi мен шарттары туралы бiрыңғай қағидаларды, Әділет министрінің 2002 жылғы 03 желтоқсандағы №185 «Апостиль туралы» бұйрығын, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №112 «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын білу. Келесі құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған

мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды

ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

                                   Өтініш

 

Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына

орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________.

       (иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

Мекен жайы: ______________________

Байланыс телефоны: ______________________

e-mail: ______________________

ЖСН: ________________________________

 ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

  Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

  Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейiн бір жұмыс күн ішінде персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам тапсырылған құжаттарды кандидаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарап, конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.

Комиссияның хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттарға персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу, сондай-ақ қажет болған жағдайда кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар,  әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде 150010, СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 72 мекен-жайы бойынша  «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» РММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігінқамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегізжасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

 

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның ведомстволары, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру
Дата публикации
21 декабря 2021