СҚО Әділет департаментінің әдеп жөніндегі уәкілінің 2021 жылғы 2-тоқсандағы қызметінің қорытындылары туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі бола отырып, менің бірінші кезектегі міндетім – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бұзушылықтарының алдын алуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру.

2021 жылдың екінші тоқсанында мен келесі жұмыс атқардым: Департамент қызметкерлеріне тұрақты негізде жеке кеңестік көмек көрсетіледі. Осылайша, қиын өмірлік жағдайлар немесе даулы жұмыс сәттері туындаған кезде кез келген қызметкер маған көмек сұрап келе алады.

Бұдан артық, 2021 жылдың екінші тоқсанында жеке қабылдауда әр түрлі сұрақтармен 13 азамат болды. Ағымдағы жылдың маусым айында «Первый северный» телеарнасында менің кәсіби қызметім туралы сюжет шықты, онда өзімнің еңбек жолымның басталуы туралы айтып өттім.

Сонымен қатар, Департамент қызметкерлерінің «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешеніне баруына бастамашылық етілді. Абылай хан кезіндегі оқиғалар мен осы резиденцияның маңызы туралы жергілікті экскурссия жетекшісі айтып берді. Бұл іс-шара қызметкерлер үшін өте танымды болды.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Департамент қабырғасында «Отбасы күніне» арналған іс-шара өткізілді, біздің қызметкерлер өздерін некемен байланыстырған жастарды құттықтады.

Сонымен қатар, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының СҚО бойынша филиалының тыңдаушылары үшін ҚР Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексін түсіндіруге белсенді қатыстым.

Сондай-ақ, ұжымда моральдық-психологиялық ахуал орнату мақсатында Департамент қызметкерлеріне жасырын сауалнама жүргіздім. Бұл бағытта ешқандай мәселелер туындаған жоқ.

Қорытындылай келе, әдеп жөніндегі уәкіл ретінде жұмыс одан әрі жалғасатынын айтқым келеді, ағымдағы жылдың 3-ші тоқсанына бірқатар іс-шаралар жоспарланған, оларды өткізу бойынша ақпарат ол аяқталғаннан кейін орналастырылатын болады.

 

 

Дата публикации
02 июля 2021