Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық еңбек ақысы:
Санаты |
Еңбек өтіліне байланысты лауазымдық еңбек ақы (теңге) |
|
|
Бастап |
Дейін |
|
|
С-O-4 |
204514 |
266757 |
Негізгі функционалдық міндеттері: Жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін, прокурорлық ден қою актілерін, құқық қорғау органдарының іс жүргізу құжаттарын, соттардың жеке қаулыларын белгіленген тәртіппен қарау. Жасалған атқарушылық іс-әрекеттердің заңдылығын және іс жүргізу ережелерін, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының талаптарын және сот орындаушыларының Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын сақтауын бақылауды, атқарушылық іс жүргізудің есебін және есептілікті жасаудың дұрыстығы мен нақтылығын, сондай-ақ жеке сот орындаушысы мұрағатының жай-күйін бақылауды жүзеге асыру. Сот актілерін орындау мәселелері бойынша әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу. Жеке сот орындаушысы лицензиясының әрекетін тоқтату туралы ұсыныстар енгізу. Атқарушылық құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуы бойынша аумақтық бөлімдердің мемлекеттік сот орындаушыларының қызметіне бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру.
(В Блогы, Грейд 6)
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі: «құқық» бейіні бойынша.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда 2 жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі 1 жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі 2 жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;
6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
8) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық еңбек ақысы:
Санаты |
Еңбек өтіліне байланысты лауазымдық еңбек ақы (теңге) |
|
|
Бастап |
Дейін |
|
|
С-O-5 |
151987 |
198244 |
Негізгі функционалдық міндеттері: Тіркеуге ұсынылған құжаттарға құқықтық талдау жүргізу, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, мемлекеттік тіркеу мерзімін тоқтата тұру, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден, таратудан бас тарту туралы бұйрықтар дайындау, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктерді және заңды тұлғаны тарату туралы бұйрықтарды дайындау және беру, тіркелген немесе таратылған заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің) қажетті құжаттарын дайындау және беру, электрондық деректер банкін жүргізу, азаматтық істер бойынша сотқа қатысу. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Тіркеуші органмен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингін жүргізу. Әдіснамалық көмек көрсету, субъектіге барып профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге қатысу.
(В Блогы, Грейд 4)
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі: «құқық» бейіні бойынша.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексін, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, Қазақтан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын, Қазақтан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңын, Қазақтан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңын, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын, Қазақтан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы №67 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртiбi мен шарттары туралы бiрыңғай қағидаларды, Әділет министрінің 2002 жылғы 03 желтоқсандағы №185 «Апостиль туралы» бұйрығын, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №112 «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын білу. Келесі құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған
мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды
ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына
орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________.
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Мекен жайы: ______________________
Байланыс телефоны: ______________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ________________________________
____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейiн бір жұмыс күн ішінде персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам тапсырылған құжаттарды кандидаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарап, конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.
Комиссияның хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттарға персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу, сондай-ақ қажет болған жағдайда кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде 150010, СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 72 мекен-жайы бойынша «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» РММ-де өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігінқамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегізжасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.