Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның ведомстволары, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның ведомстволары, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері арасында                    «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына орналасуға

ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

РММ  «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті», 150010,  Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы, Қазақстан Конституция көшесі 72,  анықтама үшін телефон 8(7152) 33-37-32, электрондық мекенжай: d.kurmasheva@adilet.gov.kz бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға әділет органдары қызметкерлерінің арасында ішкі конкурс жариялайды:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің бас маманы, «С-О-5» санаты, 1 бірлік.

Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің лауазымдық еңбек ақысы:

 
Санаты

Еңбек өтіліне байланысты лауазымдық еңбек ақы (теңге)

 Бастап

Дейін

С-O-5

176 305

229 963

 

Негізгі  функционалдық міндеттері: Зияткерлік меншік мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру, ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 158б. бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бағыты бойынша ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жарты жылдық, жылдық есептерді құру. Әділет министрлігінің тапсырмалары мен бақылау тапсырмаларын орындау. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

(А Блогы, Грейд 5)

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі: «құқық» бейіні бойынша. 

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексін, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шыққан орындардың атауы туралы» Заңын білу. Келесі құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған

мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды

ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

                                   Өтініш

 

Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына

орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________.

       (иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

Мекен жайы: ______________________

Байланыс телефоны: ______________________

e-mail: ______________________

ЖСН: ________________________________

 ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

  Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

  Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейiн бір жұмыс күн ішінде персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам тапсырылған құжаттарды кандидаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарап, конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.

Комиссияның хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттарға персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу, сондай-ақ қажет болған жағдайда кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар,  әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде 150010, СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 72 мекен-жайы бойынша  «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» РММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігінқамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегізжасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

 

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның ведомстволары, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру
Дата публикации
23 июня 2021