Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі мемлекеттік қызметтің 3 түрін көрсетеді: "нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу", "адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу", "нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру".
Адвокаттық және нотариаттық қызмет мәселелері бойынша Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 жылғы № 61, 62 бұйрықтарымен бекітілген "нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау жүргізу", "адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларымен регламенттелген.
"Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру" мемлекеттік қызметі ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 жылғы № 62 бұйрығымен бекітілген "нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларымен регламенттелген.
Жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес аттестаттау бойынша өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады: www.egov.kz, www.elicense.kz ("Е Лицензиялау"МДҚ). Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық болып табылады. Ал нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру бойынша мемлекеттік қызметті мемлекеттік орган баламалы негізде: мемлекеттік корпорация және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әділет департаменттері арқылы жүзеге асырады.
СҚО Әділет департаменті 2020 жылдың 4 тоқсанында барлығы мемлекеттік қызмет көрсетуге 8 өтініш қабылдады, оның ішінде: өтініш беруші – 1, адвокаттық қызметпен айналысуға - 7, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына – 0, нотариустардың мөрін беру мемлекеттік қызметі-1.
Барлығы 1 Мемлекеттік қызмет көрсетілді (нотариустың мөрін беру).
СҚО Әділет департаментінің атына мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен мерзіміне шағымдар түскен жоқ, мерзімдерді бұзу, Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жоқ.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді түсіндіру бойынша жұмысты ұйымдастыру мақсатында СҚО ӘД ұйымдастырылды: әлеуметтік желілерде "адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау" 2 жарияланым, 1 "адвокат қалай болуға болады" брошюрасын әзірлеу, 1 зум бойынша заң мамандықтарының студенттеріне арналған семинар, 1 зум бойынша тағылымдамадан өтушілермен адвокаттармен жұмыс кездесуі, 1 "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ филиалының қызметкерлерімен "нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру" тақырыбында жұмыс кездесуі (барлығы:6 іс-шара).
Халықты қамту 160 адамды құрады.