Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің
көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша
2020 жылғы 4-тоқсанға арналған талдамалық анықтамасы
СҚО Әділет департаменті (бұдан әрі-СҚО ӘД) және оның аумақтық бөлімшелері 12 мемлекеттік қызмет көрсетеді, олар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түседі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 Бұйрығының өзгерістеріне сәйкес, есепте қызмет көрсетушілердің қағаз нысанда және қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсеткен деректері көрсетілген.
Солтүстік Қазақстан облысының әділет органдарымен 2020 жылдың 4 тоқсанында барлығы 474 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Жалпы Мемлекеттік корпорация арқылы 413 қызмет көрсетілді;
Е-лицензиялау арқылы – 14;
электрондық үкімет порталы арқылы – 2;
қағаз түрінде – 45.
Оның ішінде: «өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжат негізінде атқарушылық өндірісті қозғау» мемлекеттік қызметі бойынша – 51 (СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ арқылы – 2, Е-лицензиялау арқылы – 4, қағаз түрінде – 45) көрсетілген.
Есептік кезең ішінде «өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық өндірісті қозғау» мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбына 9 іс-шара өткізілді, халықты қамту 270 адамды құрады.
Заңды тұлғаларды тіркеу саласында 246 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ арқылы – 245, электрондық үкімет порталы арқылы – 1. Бұдан басқа, «әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нотариустары арқылы 166 құжат келіп түсті, оның ішінде Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы арқылы 165 құжат, ЭҮП арқылы – 1 мемлекеттік қызмет.
Азаматтар мен заңды тұлғаларға құқықтық түсіндіру жұмысы мен құқықтық көмек көрсету және «әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» шеңберінде көрсетілген кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 37 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, халықты қамту 914 адамды құрады.
СҚО Әділет департаментімен 2020 жылдың 4 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсетуге 8 өтініш қабылданды, оның ішінде өтініш берушімен қайтарып алынды – 1, адвокаттық қызметпен айналысуға – 6, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына – 0, нотариустардың мөрін беру мемлекеттік қызметіне – 1 өтініш қабылдады.
2020 жылғы 01 қазанда адвокаттық қызметпен айналысуға үміткерлердің аттестаттауы өткізілді. Адвокаттық қызметпен айналысуға барлығы 4 адам аттестатталды, 6 адам – аттестатталмады (үміткерлердің өтініштері алдыңғы тоқсандардан ауыстырылды). Барлығы 11 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Солтүстік Қазақстан облысының әділет органдарымен 2020 жылдың 12 айында барлығы 1453 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Жалпы Мемлекеттік корпорация арқылы 1161;
Е-лицензиялау арқылы – 30;
электрондық үкімет порталы арқылы - 91;
қағаз түрінде – 171 қызмет көрсетілді.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді түсіндіру бойынша жұмысты ұйымдастыру мақсатында, СҚО ӘД-мен: әлеуметтік желілерде «адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттау» 2 жарияланым, «Қалай адвокат болуға болады» 1 брошюра әзірлеу, ЗУМ арқылы заң мамандықтарының студенттеріне арналған 1 семинар, ЗУМ арқылы тағылымдамадан өтуші адвокаттармен 1 жұмыс кездесуі, «Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру» тақырыбына «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының қызметкерлерімен 1 жұмыс кездесуі ұйымдастырылды (барлығы: 6 іс-шара). Халықты қамту 160 адамды құрады.
СҚО Әділет департаменті 2020 жылдың 4 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша барлығы 52 түсіндіру іс-шарасын өткізді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша халықты түсіндіру іс-шараларымен қамту 1344 азаматты құрады.
2020 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 169 түсіндіру жұмысы жүргізіліп, 7602 азамат қамтылды.
СҚО Әділет департаментінің мекен-жайына мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен мерзіміне шағымдар түскен жоқ, мерзімдері бұзылған жоқ.
СҚО Әділет департаментінің веб-сайтында соңғы өзгерістермен Департаментпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы толық және қолжетімді ақпарат орналастырылған.
СҚО Әділет департаменті