СҚО Әділет департаменті (бұдан әрі-Департамент) және оның аумақтық бөлімшелері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және «Мемлекеттік деректер қоры», «Е – лицензиялау», «Е-Апостиль» ақпараттық жүйесі арқылы және қағаз жеткізгіштерде келіп түсетін12 мемлекеттік қызмет көрсетеді,
Солтүстік Қазақстан облысының әділет органдарымен 2026 жылдың1жартыжылдығында барлығы838 (2025 жылы - 594) мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ арқылы 564(2025 жылы -452) қызмет;
«Е -лицензиялау», «Е-Апостиль» арқылы–57(2025 жылы - 31) қызмет;
«Электрондық үкімет порталы» арқылы –2(2025 жылы - 9) қызмет;.
қағаз түрінде –41(2025 жылы - 29).
бас тартылғаны–174(2025 жылы – 73).
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында:
Мемлекеттік қызмет көрсететін Департамент қызметкерлері үшінақпан және мамыр айларында семинарлар өткізілді.
Мемлекеттік қызметтердің интернет-ресурстарда қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Департамент ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы тұрақты негізде жұмыс істейді, онда азаматтар мемлекеттік қызметтерді алуға өз өтініштерін электрондық форматта бере алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тоқсан сайын СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ қызметкерлері үшін оқыту семинарлары, дәрістер өткізіледі, сондай-ақ департаменттің интернет-ресурстарында онлайн-семинарлар, жарияланымдар жүргізіледі.
Қызмет көрсетудің қолжетімдігі - мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау өлшемдерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты, азаматтарға мемлекеттік қызметтердікедергісіз көрсетуде қолайлы жағдай жасау үшін Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің аумағында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді шақырту батырмалары мен пандус орнатылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға объектілердің қолжетімдігіне мониторинг күнделікті негізде жүргізіледі.
Әділет органдарында 2026 жылдың 1 жартыжылдығындамемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша өткізілген іс - шаралар саны 84, халықты қамту – 18051 адам (2025 жылы – 83 шара, халықты қамту – 11344 адам), оның ішінде 28іс-шара мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуды насихаттау бойынша өткізілді, халықты қамту – 6112 адам (2025 жылы – 24, халықты қамту – 3856).
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу жөніндегі функцияларды «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа берген сәттен бастап мемлекеттік қызметтердің көрсетілуінекүн сайын мониторинг жүргізіледі. Жүргізілген мониторинг арқылыөтініш берілген сәттен бастап оның орындалуына дейінгі таспырыстың қозғалысы бақыланады.
СҚО Әділет департаментінің атына мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен мерзімдеріне қатысты шағымдар түскен жоқ.
Тіркеуші органның кінәсінен емес «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің 1 кешіктірілуі орын алды. Атап айтқанда, Мемлекеттік корпорацияның Аққайың аудандық бөлімімен 2026 жылғы 12 мамырда мемлекеттік тіркеуге «СҚО Аққайың ауданының кекушинкай каратэ ұйымы» қоғамдық бірлестігі қабылданды. Орындау мерзімі – 2026 жылғы 20 мамыр. Бұл қызмет Қазпошта арқылы СҚО Әділет Департаментіне 2026 жылғы 21 мамырда кіріс №5894 болып түскен. Қазпоштаның кешіктіруіне байланысты СҚО Әділет Департаментінің кінәсі жоқ, сондай-ақ 2026 жылғы 2 маусымдағы іркіліс актісі бар.
Департаментте Әділет органдарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беруге арналған «Жедел желі телефоны» қашықтан консультация беру секторы жұмыс істейді.
Азаматтар туындаған барлық сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласа алады: 33-23-80; 33-37-32; 33-26-35, «Сенім телефоны»: 46-36-96.
СҚО Әділет департаментінің веб-сайтында Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы соңғы өзгерістермен толық әрі қолжетімді ақпарат тоқсан сайын орналастырылады.
Солтүстік Қазақстан облысының
Әділет департаменті.