Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Құқықтық түсіндіру жұмысы

Құқықтық түсіндіру жұмысы - Әділет органдарының негізгі функцияларының бірі. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы халықтың құқықтық мәдениетін дамыту процесінен бөлінбейді. Бұл өз кезегінде дамыған азаматтық қоғам құруға ықпал етеді. Қоғамдық санада құқыққа деген көзқарас әлеуметтік әділеттілік, гуманизм, жеке бас бостандығы негізінде тұрақты әлеуметтік құндылық ретінде қалыптасуы керек. Азаматтардың құқықтық мәдениетінің жағдайы оның құқықтық жүйесінің көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, құқықтық санасын дамыту - тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері. Экономикалық, саяси және әлеуметтік міндеттерді табысты шешу қоғамның құқықтық мәдениетін көтермей, әрбір азаматтың заңды терең құрметтеуіне тәрбиелеусіз, оның ережелерін күнделікті өмірде іске асыруға тікелей және белсенді қатысуға дайындығын қалыптастырмай, халықтың құқықтық сауаттылығы болмаған кезде мүмкін емес.

Документы
Ақпарат
24 июля 2026
Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2026 жылғы 1 жартыжылдығында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша талдау анықтамасы
Ақпарат
17 июня 2026
Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына орналасуға жарияланған ішкі конкурс өткізілмеді деп тану туралы шешім.
Ақпарат
14 октября 2025
Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2025 жылғы 9 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша талдау анықтамасы
Новости
Полезные материалы
30 сентября день органов работника органов юстиции
Білім мен білік ұштасқанда
О бесплатной юридической помощи
Медиагалерея
2
Акция "Тегін заң көмегі"
1
Заңды сақтау – еліміздің тәртібі мен дамуының негізі. Қай жерде болсақ та, әр ортаның өз заңы бар. Заңға құрметпен қарап, оны бірге сақтайық!
События
10 февраля
Құрметті Тайынша ауданының тұрғындары!
12 февраля
Құрметті Тимирязев ауданының тұрғындары!
26 февраля
Құрметті Ақжар ауданының тұрғындары! 2025 жылдың 28 ақпанында сағат 11.00-де Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары А.Б. Мағзұмов Ақжар ауданының тұрғындарымен ZOOM бейнеконференц байланысты арқылы азаматтарды онлайн форматта жеке қабылдауын жүргізеді.
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібі цифрлық даму министрлігімен бірлесіп,                    Е-Апостиль ақпараттық жүйесі арқылы «Әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша бірлескен жобаны іске қосты.

Е-апостиль қою рәсімінің негізгі мақсаты Гаага Конвенциясына қатысушы елдердің аумағында қолдануға арналған апостиль қойылатын құжаттардың түпнұсқалығына және тиісінше ресімделуіне кепілдікті қамтамасыз ету болып табылады.

 «Е-Апостиль» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - Е-Апостиль АЖ) – құжаттарды тіркеуге және апостиль «мөртаңбасын» электрондық түрде беруге арналған, апостиль қойылған құжаттардың орталықтандырылған есебі мен бірыңғай мұрағатын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.

Ақпараттық жүйенің көптеген артықшылықтары бар. Ол 1 (бір) жұмыс күні ішінде апостиль мөртабаны қоюдың жедел орындалуын қамтамасыз етеді, негізгі ресми құжаттың түпнұсқалығын тексеруді оңайлатады, себебі «Е-апостиль» жүйесіне лауазымды тұлғалардың қолтаңбалар мен мөрлерінің үлгілері енгізілген. Ресми құжаттың түпнұсқалығын тексеру бір рет басу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, өйткені жұмыстың негізгі бөлігі электронды түрде апостильдерді нақты бекітудің, қол қоюдың және мөрмен бекітудің қажеттілігінсіз орындалады.

Электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бар өтініш беруші электрондық апостиль ала алады. Бұрын уәкілетті органға апостиль қою үшін құжаттардың түпнұсқасы ұсынылды, мұндай форматта қағаз құжатты ұсыну қажеттілігі жоқ және компьютер болған жағдайда үйден шықпай өтініш  берудің мүмкіндігі бар. Егер қызмет алушының компьютері болмаған жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» коммерциялық емес акционерлік қоғамына жүгінуге болады.

Апостиль қою үшін ұсынылған құжат құжаттың түпнұсқасын сканерлеу арқылы жүзеге асырылады (ксерокөшірмелерден сканерлеуге жол берілмейді). Электрондық апостиль қою үшін ұсынылатын сканерленген құжат түпұсқаға дәлме-дәл сәйкес келуі тиіс, түзетулерге немесе мәтінді шимайлауға жол берілмейді.

Көрсетілетін қызметті беруші ресми құжаттағы лауазымды адамның қойған қолы мен мемлекеттік органның мөр бедерінің қолда бар үлгілеріне сәйкестігін, сондай-ақ ресми құжатқа қол қойған лауазымды адамның ресми құжатқа қол қоюға өкілеттіктерінің болуын тексеруді жүргізеді.

Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен ұсынылған құжаттары Апостиль қою қағидаларының талаптарына сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйеде электрондық апостиль қалыптастырады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.

Тарату негiзi бойынша заңды тұлға қызметiнің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін қандай құжаттар қажет?

«Заңды түлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» ҚР Заңының 11б.(Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттік тiркеу) сәйкес тарату негiзi бойынша заңды тұлға қызметiнің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу үшін:

      1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш;

      2) заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның не бұған құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берiлген заңды тұлға органының заңды тұлға мөрiмен бекемделген шешiмi ұсынылады. Егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда, құжаттарды мөрмен бекемдеу талап етілмейді;

      3) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмдерi туралы ақпараттың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат;

      4) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);

      5) заңды тұлғаның мөрiн (ол болған кезде) жою туралы құжат;

      6) коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат;

Тауар шығарылған жердiң атаулары дегеніміз не?

Тауар шығарылған жердiң атауы  зияткерлік меншіктің бірегей объектісі болып табылады. 

«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес тауар шығарылған жердiң атауын – елдің, өңірдің, елді мекеннің, жердің, не басқа географиялық көрсеткіштің атауын білдіретін не құрамында атауы бар белгілеме, сондай-ақ ерекше қасиеттері, сапасы, репутациясы немесе басқа сипаттары негізінен географиялық шыққан жерімен, оның ішінде өзіне тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарға қатысты пайдалану нәтижесінде белгілі болған және туындының осындай атаудан шығарылған сілтемесі.

Табиғи факторлар топырақ, климат, су құрамы, ауаның нақты ылғалдылығы және т.с.с. ерекшеліктерімен тұспалдануы мүмкін. Мысал ретінде ұңғымалардан өндірілетін және судың химиялық құрамына ие «Сарыағаш», «Ессентуки», «Боржоми» секілді минералдық суларды келтіруге болады.

Тауар таңбасына қарағанда тіркелген тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығына тек қана бірінші өтінім берген тұлға емес, басқа тұлғаларда ала алады.

Тіркелген тауар шығарылған жердiң атауын пайдалануды қалайтын тұлға тіркелген параметрлерге сәйкес келетін өз өнімінің сапасын қамтамасыз етуі тиіс.

Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалануға құқықты алу үшін, ең алдымен, сараптама жасау ұйымына өтінім беру қажет екендігі анықталады.

Тіркегеннен кейін тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығы тауар шығарылған жердiң атауын мемлекеттік тізілімнен үзінді-көшірмемен куәландыратын және оны пайдаланудың айрықша құқығы ие болады.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы