Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Нотариаттық қызмет

Қазақстан Республикасындағы нотариат – бұл нотариаттық iс-әрекеттер жасау арқылы жеке, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететін білікті заң көмегін көрсету жөніндегі құқықтық институт.Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдарынан тұрады. Нотариаттық қызмет – бұл нотариустың осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы. Осы Заңда белгіленген жағдайларда және шектерде жекелеген нотариаттық iс-әрекеттерді арнайы уәкілетті лауазымды адамдар жасай алады. Қазақстан Республикасындағы нотариаттық қызмет нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығы, тәуелсіздігі, бейтараптылығы, құпиялылығы қағидаттарына негізделеді. Нотариаттық қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды. Нотариустар мен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi басқа да адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасағанда тәуелсiз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар осы Заңды және басқа нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен, осындай қызметтi реттейтiн халықаралық шарттарды басшылыққа алады.Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер мен құжаттар өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының, өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша сот орындаушыларының жазбаша талап етуi бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әдiлет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметiн тексерудi жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген нотариат палаталарына берiледi.Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, жасы жиырма беске толған, жоғары заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, нотариуста кемінде бір жыл мерзіммен тағылымдамадан, әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.

Документы
Ақпарат
13 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2026 жылғы 9 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша талдау анықтамасы
Ақпарат
24 июля 2026
Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2026 жылғы 1 жартыжылдығында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша талдау анықтамасы
Ақпарат
23 июля 2026
Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы
Новости
Полезные материалы
Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары.
ҚР «Нотариат туралы» заңына нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттауға қатысты енгізілген өзгерістер
Аттестация лиц, претендующих на право занятия нотариальной деятельностью
Медиагалерея
1
2026 жылғы 20 және 21 мамырда Әділет департаментімен нотариаттық әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды тұлғаларды аттестаттау өткізілді.
1
Нотариат палатасының нотариусы Жолдасов А.К. азаматтарға тегін консультациялар өткізді, оның барысында азаматтарды қызықтырған сұрақтар түсіндіріліп, жан-жақты жауаптар берілді.
События
06 августа
“АШЫҚ ЕСІК КҮНІ”
08 декабря
Тікелей эфир
14 мая
Ашық есік күні өтеді!
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды тестілеуді өткізу тәртібі мен шарттары қандай?

Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды тестілеуді өткізу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін қағидаларда айқындалады.

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам тағылымдамадан өткеннен кейін тұрғылықты жері бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына тиісті әділет аттестаттау комиссиясына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, оны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары арқылы аттестаттауға жіберу туралы өтініш жібереді.

Құжаттар топтамасы тиісінше ресімделмеген не толық ұсынылмаған жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтару себебі туралы жазбаша хабарлай отырып, өтінішті ол ұсынған құжаттармен бірге қарамастан қайтарады.

Егер үміткер осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, аттестаттауға жіберуден бас тартылады. Аттестаттауға жіберуден бас тартылған жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей үміткерге дәлелді шешім жібереді.

Аттестаттауға жіберуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

Аттестаттауға жіберілген үміткерді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары аттестаттау өткізілетін орын, күні, уақыты, тәртібі туралы ол өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.

Аттестаттауды нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізеді.

Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне компьютерлік тест тапсыру; 2) емтихан билеттері бойынша ауызша тапсырманы орындау.

Үміткер өз таңдауы бойынша тестілеуден қазақ немесе орыс тілінде өтуге құқылы.

Тестілеу компьютерлік техниканы пайдалана отырып жүргізіледі.

Аттестаттау нәтижелері бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы аттестаттау өткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей аттестаттау туралы не аттестаттамау туралы дәлелді шешім шығарады.

Комиссияның аттестаттау туралы шешімі шығарылған сәттен бастап үш жыл бойы жарамды болып табылады.

Әділет аттестаттау комиссиясының шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

Аттестаттаудан өту кезінде үміткердің анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиетті, байланыс құралдарын, сондай-ақ қандай да бір жазбаларды пайдалануына жол берілмейді. Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда әділет аттестаттау комиссиясы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерді аттестаттаудан шеттетеді.

Аттестаттаудан шеттетілген үміткер нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы шешім шығарған күннен бастап үш ай өткен соң осы Заңда көзделген тәртіппен аттестаттауға жіберу туралы қайта өтініш беруге құқылы.

Аттестаттауға дәлелді себеппен келмеген үміткер осы баптың 5-тармағында көзделген тәртіппен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясының келесі отырысына шақырылады.

Үміткер қайтадан келмеген жағдайда оның өтініші қаралмайды және ол ұсынған құжаттармен бірге қайтарылады.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы