Еңбекші ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсатында «Халық заңгері» республикалық акциясы өткізілді.
Іс-шараға сот орындаушылары, заңгерлер, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысып, тұрғындарға түрлі құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңестер берді.
Акция барысында азаматтардың өтініштері мен сұрақтары қаралып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті құқықтық түсіндірмелер ұсынылды. Сондай-ақ тұрғындарға өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолдары түсіндірілді.
Іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың білікті құқықтық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталған.
«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Әл-Фараби ауданында «Халық заңгері» акциясы өткізілді.
Іс-шара барысында азаматтар өздерін толғандырған түрлі құқықтық мәселелер бойынша білікті мамандардан кеңес алды.
Атап айтқанда, тұрғын үй, жер және еңбек қатынастары, алимент өндіру, сот актілерін орындау және өзге де мәселелер бойынша заң талаптары түсіндіріліп, оларды шешудің құқықтық жолдары ұсынылды.
Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және халықпен кері байланысты нығайтуға бағытталған.
2026 жылғы 22 қазанда Шымкент қаласы Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Шолпан Досаева Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде студенттерге дәріс өткізді.
Іс-шара барысында коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу тәртібі, қолданыстағы заңнама талаптары және мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдері түсіндірілді.
Атап айтқанда, коммерциялық емес ұйымды мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген нысанда өтініш беріліп, ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанына байланысты жарғы, құрылтайшылардың шешімі және заңнамада көзделген өзге де қажетті құжаттар ұсынылатыны айтылды. Сондай-ақ мемлекеттік тіркеуге өтінішті eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы беруге болатыны түсіндірілді.
Кездесу студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттандыруға және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Шымкент қаласы Әділет департаментінің жұмыс жоспарына сәйкес, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде зияткерлік меншік саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған дәріс ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және зияткерлік еңбек нәтижелеріне құрметпен қарауды қалыптастыру.
Дәріс барысында Шымкент қаласы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің бас маманы Дина Азимова университет оқытушыларына зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың маңыздылығы, авторлық құқықтарды сақтау, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар зияткерлік меншік құқықтарын сақтау, шығармашылық және ғылыми қызмет нәтижелерін заңнама талаптарына сәйкес пайдалану қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, өзекті құқықтық мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.
ҚР Әділет министрлігінде Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
Шараға ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың, бизнес өкілдері, патенттік сенім білдірілген өкілдер, құқық иеленушілер және зияткерлік меншік объектілерін пайдаланушылармен аумақтық әділет департаменттерінің өкілдері қатысты.
Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова жаңа Конституцияда бекітілген зияткерлік меншікті қорғау кепілдігінің зияткерлік еңбек нәтижелерін қорғау және оларды заңды түрде пайдалану үшін бағдар ретіндегі маңыздылығын атап өтті.
Тәжірибе алмасу практикалық қиындықтарды талқылаудан оларды шешу жөніндегі ұсыныстарға көшуге мүмкіндік берді. Қозғалған мәселелер қатарында құқықтық реттеудің жүйесіздігі және әртүрлі заңнамалық актілер нормаларының өзара үйлесімділігі болды.
Халықаралық үрдістер мен цифрлық сервистердің дамуы ұлттық практикаға қатысты талқылауды толықтырды. Рәсімдерді өтініш берушілер үшін қолжетімді, ал құқық иеленушілермен өзара іс-қимылды ашық ету мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру және оны кейіннен шоғырландыру жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу, адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында М. Әуезов атындағы ОҚЗУ колледжінде кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында жастарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасты орнықтыру мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Шымкент қаласы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Самал Бахтыяр, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бас маманы Нұрбек Жанұзақ және Жастар ресурстық орталығы КММ-нің «Жастарды қолдау және стратегиялық даму» бөлімінің басшысы Арайлым Әлім қатысып, жастардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу «Заң мен тәртіп» қағидатының маңызын кеңінен түсіндіруге, жастардың құқықтық санасын арттыруға, сондай-ақ қоғамда заң үстемдігі, адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталды.
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі!
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Шымкент қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №54 мекемеге барды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын қатаң сақтау және қызметтік жауапкершілікті арттыру.
Аталған іс-шара сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының құқықтық салдарына назар аударуға, мемлекеттік қызметшілердің заң алдындағы жауапкершілігін терең түсінуіне және адалдық қағидаттарын нығайтуға бағытталды.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған мұндай профилактикалық іс-шаралар мемлекеттік қызметте заңдылықты сақтау, адалдық пен ашықтық құндылықтарын дәріптеу тұрғысынан маңызды.
Шымкент қаласының Әділет департаменті «Заң мен тәртіп» қағидаттарын қоғамда кеңінен ілгерілету және әділет органдарының қызметі туралы халықты ақпараттандыру бағытында атқарылған жұмыстар бойынша төмендегіні хабарлайды.
Аталған тапсырманы орындау мақсатында Шымкент қаласы Әділет департаментінің басшысы А.А. Исабекованың «Оңтүстік» телеарнасына сұхбаты ұйымдастырылып, өткізілді.
Сұхбат барысында әділет органдарының қызметіндегі өзекті мәселелер, атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңнамалық өзгерістер, алимент өндіру тәртібін жетілдіру, жеке сот орындаушыларының қызметіне бақылауды күшейту, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді.
Аталған бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
дальнейшем
Шымкент қаласында алимент және салық берешектерін өндіру тиімділігін арттыру мақсатында «Борышкер» бірлескен рейдтік іс-шарасы жүргізіуде.
Рейд барысында алимент бойынша берешегі бар борышкерлердің автокөлік құралдарын анықтау және ұстау, сондай-ақ салық берешектерін мемлекеттік кіріске өндіріп алу бағытында тиісті шаралар қабылдануда.
Іс-шараға Шымкент қаласының Әділет департаменті, прокуратура, полиция, мемлекеттік кірістер органдары және Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының өкілдері қатысуда.
Бірлескен рейдтің негізгі мақсаты – атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету, берешектерді өндіру және борышкерлердің заңда белгіленген міндеттерін орындауына ықпал ету.