Қазақстанда әрбір азамат азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша тегін заң көмегін алуға құқылы.
Мемлекет кепілдік берген заң көмегі – құқықтарыңызды қорғауға арналған тегін заң қызметі.
Кешенді әлеуметтік-құқықтық көмек – мәселе шешілгенге дейін толық құқықтық қолдау.
Тегін кеңес алу мүмкіндігі:
• Зейнеткерлер
• І және ІІ топтағы мүгедектер
• Ұлы Отан соғысының ардагерлері және теңестірілген тұлғалар
• Көпбалалы отбасылар
• Табысы аз азаматтар
• Алимент өндіру бойынша ата-аналар
Қайда жүгінуге болады:
Шымкент қаласының Әділет департаменті немесе адвокаттар алқасы
Қажетті құжаттар:
– Жеке куәлік
– Мәртебеңізді растайтын құжат