Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағын және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» қағидаларын басшылыққа ала отырып, Шымкент қаласы Әділет департаментінің(бұдан әрі – Департамент) 2025 жылғы 10қарашадағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» № 423-н бұйрығымен Департаменттің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөліміне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауда ағымдағы жыл қамтылды.
Ішкі талдауда «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» қағидаларына сәйкес келесідей бағыттар тексерілді:
1) мүдделер қақтығысын реттеу;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету;
3) рұқсат беру функцияларын іске асыру;
4) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;
5) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
6) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;
7) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.


Жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама дайындалып бекітілді.


Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерібойынша қолда бар ұсыныстар болған жағдайда Сіз Департаменттің әкімшілік бөліміне 8 (7252) 35-79-79 нөміріне хабарласа аласыз.

Дата публикации
26 декабря 2025