Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағын және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» қағидаларын басшылыққа ала отырып, Шымкент қаласы Әділет департаментінің(бұдан әрі – Департамент) 2025 жылғы 10қарашадағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» № 423-н бұйрығымен Департаменттің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімімен көрсетілген қызмет барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауда ағымдағы жылдың 2-жартыжылдығықамтылады.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерібойынша қолда бар ұсыныстар болған жағдайда Сіз Департаменттің әкімшілік бөліміне 8 (7252) 35-79-79 нөміріне хабарласа аласыз.