Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу туралы» Заңының 4-бабына сәйкес, коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді әділет органдары жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы №66 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда №20771 болып тіркелген) «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» қағидаларға сәйкес төменде көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

  • Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу;

  • Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу;

  • Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның жарғысына (ережесіне), олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу;

  • Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару бойынша мемлекеттік тіркеу;

  • Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысы (ережесі) дубликатын беру;

  • Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру.

Сондай-ақ, коммерциялық емес заңды тұлғаларды тіркеу кезінде өтініш «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы қабылданады.

Қазақстан Республикасының Заңының 14-2-бабына сәйкес, заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу және өзге де деректеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хабарлама тәртібімен, осы баптың бірінші бөлігінің 2), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер электрондық хабарлама ұсынылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде автоматты түрде енгізіледі.

  1. тармақша: басшының өзгеруі (басшыны тағайындау, басшының міндетін атқарушыны тағайындау, заңды тұлғаның мүлкі мен қызметіне басқарушыны тағайындау, басшыны қызметінен босату);

  2. тармақша: негізгі экономикалық қызмет түрінің өзгеруі;

  3. тармақша: коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамының өзгеруі (саяси партияларды қоспағанда).

Дата публикации
24 июня 2025