Апостиль

Апостиль құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіліктерін сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түбнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба.

Шымкент қаласының әділет департаменті Қазақстан Республикасының әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға экстерриториалдық қағидаты бойынша апостиль қояды.

Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қалауы бойынша   «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) қағаз түрінде немесе «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы электрондық түрде өтініш береді.

          Әрбір ресми құжатқа апостиль қойғаны үшін -  0,5 АЕК мемлекеттік баж алынады.

Электронды үкімет порталы арқылы апостиль алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы қажет және «e.gov» порталына кіріп, құқықтық көмек ішінен апостиль қоюды таңдауы тиіс, әрі-қарай әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу және өзге мемлекеттік органдарынан сондай-ақ, нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою батырмасын басу арқылы онлайн сұрау жіберіледі.

Автоматтандырылған Электронды үкімет төлем шлюзі система арқылы жүргізіледі. Ары қарай электронды өтініш «Е-Апостиль» ақпараттық жүйесінде өңделіп электронды апостиль қалыптастырылады. Қалыптастырылған электронды апостиль өтініш берушінің жеке кабинетіне түседі.

Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз жеткізгіште өтініш ұсынған кезде, ұсынған құжаттарды тексереді, оларды қабылдайды және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді. Қабылданған құжаттар департаментке Департамент қол қою үлгісі мен мөр бедерінің апостиль қоюға жататын құжатқа сәйкестігін, сондай-ақ өтініш пен ұсынылған құжаттардың сәйкестігін тексереді.

Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті және ұсынылған құжаттарды тексергеннен кейін  екі жұмыс күні ішінде құжатқа «апостиль» мөртабанын қояды және қол қойған қағаз форматындағы құжат түріндегі қызмет нәтижесін жібереді.

Дата публикации
20 июня 2025