Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткерлерді аттестаттау бойынша құжаттарды қабылдау

 

Шымкент қаласының Әділет департаменті жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткерлерді аттестаттау үшін 08.09.2020 жылдан бастап олардың құжаттарын қабылдау басталғанын хабарлайды.

Аттестаттауға жеке сот орындаушысында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы №95 бұйрығымен бекітілген тәртіппен тағылымдамадан өткен, сондай-ақ біліктілік талаптарына сәйкес келетін тұлғалар жіберіледі. Тиісті біліктілік талаптары «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140 бабында көзделген:

«1. Жиырма бес жасқа толған, жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысы лицензиясын алған және Республикалық палатаға кірген Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысы болып табылады.

  1. Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; өзіне жеке сот орындаушысы өкілеттіктері берілгенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған; заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар; мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алу бойынша кемінде үш ай берешегі бар адамды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын; наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепте тұрған; жеке сот орындаушысының лицензиясынан айрылған адам жеке сот орындаушысы бола алмайды.»

Үміткер (немесе оның өкілі) жүгінген кезде «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу үшін аттестаттаудан өтуге жіберу туралы өтініш;

2) Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, наркологта және психиатрда диспансерлік есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап ағымдығы жылдың қыркуйек айының 25-не дейін қабылданады.

Туындаған сұрақтар бойынша Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 16 үйде орналасқан Шымкент қаласының Әділет департаментіне жүгіне аласыз немесе 8 /7252/ 35-41-52 телефоны арқылы хабарласуға болады.

 

 

 

 

"Жеке сот орындаушысы
қызметімен айналысуға үміткер
адамдарды аттестаттаудан
өткізу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
қағидаларына
2-қосымша

 

 

Нысан

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау үшін өтініш

      _______________________________________________________________________________

      Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды

      аттестаттау жөніндегі комиссия төрағасына

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда),

      тегi), жеке сәйкестендіру нөмірі)

  1. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттауға мені жіберуді сураймын

      1) Дипломы туралы мәліметтер:

  1. Жоғары оқу орнының атауы _________________________
  2. Мамандық шифрі _______________________
  3. Дипломның нөмірі_______________________
  4. Дипломның берілген күні ____________________________

      2) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нострификациялау немесе

      тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат:

      Сериясы және нөмірі ___________________________________________

      3) Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды:

  1. Тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні _____________
  2. ________________ облысының/қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы
  3. Тағылымдаманың жетекшісі____________________________________
  4. Тағылымдаманың басталу күні____________________________________
  5. Тағылымдаманың аяқталған күні _________________________________

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жері, мекенжайы _______________________, электрондық

      поштасы _____________, байланыс телефоны__________________

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыс болып табылатындығы және аттестаттауға жіберілгені немесе одан бас тарту мәселелері бойынша, сондай-ақ лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағаны;

      осы өтініште көрсетілген барлық деректер шынайы, ұсынған деректер үшін жеке жауапты болатыны;

      өтініш берушінің лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес деректерді пайдалануға келісімін беретіні;

      денсаулық сақтау ұйымдарына "Наркологиялық науқастар тізімі" және "Психикалық науқастар тізімінен" диспансерлік есепте тұрғандығы туралы анықтама алу үшін электронды түрде сұрау салуға және нәтижелерін көрсетілетін қызметті берушіге беруге келісетіні расталады.

      ______________________________________________

      (ЭЦҚ) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтырылған күні: 20___ жылғы "__" ___________

 

 

 

Дата публикации
09 сентября 2020